Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса, Адамды сонда адам деген мақұл
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...
Ақыл деген өлшеусiз бiр жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшiн жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.
Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,
Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,
Ыстық, суық‚ аштықтан сақтау үшiн
Зұлымдық пен айланы қылады сеп.
Айуан – етiн, терiсiн, сүт пен күшiн,
Ара – балын, су – балық, жер – жемiсiн,
Құс – денесiн‚ жүнi мен жұмыртқасын
Сақтап жүр ғой дейсiз бе адам үшiн.
Олардың да ойы бар өсiп - өнбек,
Кiмге оңай өмiр өтiп, оты сөнбек?
Адамның таза ақылы жанды қимай,
Амалсыз қиянатқа о да көнбек.
Сөйтiп ақыл бере алмай адал көмек,
Зұлымдықпен адамды адам жемек.
Адал еңбек, ақ пейiл, мейiрiм жоқ –
Осы болар таза ақыл өлдi демек.
Сондықтан адам – залым, әлемге жау,
Ебiн тапса, қоймайды ешкiмдi сау.
Жер бiлсе адамзаттың бұл қылығын
Үстiнен бәрiн төгiп тастар едi - ау.
Олай қылмай, билесе бәрiн ақыл,
Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл.
Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,
Адамды сонда адам деген мақұл.
Басқаша қалай
Метафора туралы
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Әдебиет - адам факторының бейнелеушісі
Орындалуға әмір етілген іс-әрекеттер
Шәкәрім поэзиясындағы адамгершілік құндылықтар
Қорқыт атаның даналық сөздері
Шәкәрім және Гете: поэзиядағы көркемдік пен таным үндестігі
АБАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА
Қазақтың ұлттық тағамдары, түрлері
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
Ерте Палеолит адамдары
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Адамдар арасындағы қарым-қатынастар
Мақта тазалау кәсіпорын басқарушылық есебін және ішкі аудитін ұйымдастыруды ( Шардара - мақта ЖШС)
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Chipset дегеніміз не?
Адам бойындағы жағымды қасиет туралы
Адамзат тарихындағы ең алғаш мемлекет типтес ұйым