Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір, Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
Мұқағали Мақатаев
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
Қар да ілігіп қалған - ды тау басына,
Мұз тоңды ма бұлақтың жамбасына?
Суық келіп, суыр да жатқан шығар,
Қамдап алып азығын қамбасына.
Төрт түліктен төгілген шалқар әнді,
Ұзатқан - ды, жайлау да тарңаған - ды.
Ескі жұртты тіміскіп, қорқау әлгі
Қажалап та жүрген - ді қаңқаларды.
Сағыныштай сарғайып жанды ма күз,
Сары шәйі жамылып алды ма түз?
Қурайларын сыңсытып сыбызғыдай,
Қаңбағы ұшып, қаңырап қалды ма аңыз?
Әңгімеле тауын да, даласын да,
Қырқасын да, сайын да, саласын да.
Ақбоз үйдің түндігін желпілдетіп,
Қонды ма кеп қойлы ауыл Қарасуға?
Қарасуға қосылып тұна барып,
Жатқан болар іргеде бұлақ ағып?
Арып келіп, тойынып қайтқан болар,
Toп тырналар аспанға сына қағып?
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Мектеп оқушылары
Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы: қазіргі жағдай мәселесі
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Жаңақазан ауылының тарихы
Мұқағали поэзиясын оқыту әдістемесі
Мақағали шығармалары мен аудармалары
Шеберлік өнегесі
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
ҚАДЫР ЖҮСІП ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі тартыс
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
Құнды қағаздар нарығы
ҚОҢЫРБАЙҰЛЫ АҒЫБАЙ жайлы жайлы жайлы жайлы
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ жайлы жайлы жайлы
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ туралы жайлы
Нашақорлықтың, маскүнемдіктің, алкоголизмнің алдын алудағы Ішкі Істер Органдарының қызметі
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА