Эндокриндік жүйе
Биология, 8-сынып • II бөлім: Адам организмінде мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі • Мүшелер жүйесі қызметінің гуморальдік реттелуі
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе
Сабақтың мақсаты
Оқушыларда ішкі және сыртқы секреция бездері, гормондар, олардың қасиеттері және адамның тіршілігіндегі маңызы туралы жаңа анатомиялық-морфологиялық түсініктер қалыптастыру; қалқанша без, ұйқы безі, жыныс бездері, гипофиз және бүйрек үсті бездері гормондарының рөлін анықтау.
Тілдік мақсаттар
Негізгі терминдерді дұрыс қолдану, түсіндіру және мәтін бойынша тұжырым жасау.
Алдыңғы тақырып
Адамның негізгі ұлпалары: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке.
Глоссарий
Сабақтың басы (2 минут)
Тренинг: «Жылулық сезімі»
Оқушылар бір-біріне жылы тілектерін жолдап, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Осыдан кейін сабақтың мақсаты таныстырылады.
Ұйымдастыру кезеңі
- Глоссариймен жұмыс: гормон, гипофиз, бүйрек үсті безі, қалқанша без, жыныс безі, ұйқы безі.
- Қызығушылықты ояту: эндокриндік жүйе туралы презентацияны көру.
Мағынаны ажырату: «ДЖИГСО» әдісі
Адам асқазансыз, өт қабынсыз, бір өкпемен, бір бүйрекпен, тіпті бауырының жартысымен де өмір сүре алады. Алайда массасы 1 грамға да жетпейтін кішкентай без — гипофиз алынып тасталса, адамның тіршілігі тоқтайды.
Жалпы саны
10
Ішкі секреция бездерінің жалпы саны.
Жалпы массасы
≈ 100 г
Ішкі секреция бездерінің шамамен жалпы массасы.
Белсенділігі
Өте жоғары
Гормондар өте аз мөлшерде бөлінсе де, әсері күшті.
Нақты деректер
- Ішкі секреция бездері гормондарды өте аз мөлшерде бөледі.
- Адамға тәулігіне 0,00003 г В витамині қажет болса, адреналин гормонының тәуліктік мөлшері одан 1000 есе аз.
- Шамамен 15 г адреналин Жер шарындағы барлық тұрғындарға артығымен жетер еді.
Негізгі қорытынды
Гормондар адамның бойының өсуі мен жалпы дамуына ықпал етеді, зат алмасуды реттейді. Гормондардың жетіспеуі немесе артық бөлінуі ағзаның сыртқы пішіні мен салмағында айқын өзгерістерге әкелуі мүмкін. Кейбір деректерде адамның дене массасы 500–600 кг-ға дейін жеткен жағдайлар сипатталған.