Топ басшыларын анықтау, бағалау қағаздарын беру

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Бұл сабақта оқушылар XIV–XV ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, діни наным-сенімдерімен және мәдени дамудың негізгі ерекшеліктерімен танысады. Тақырыптың мәнін ашып, мазмұнын меңгеру арқылы ойын толық әрі дәл жеткізу дағдысын қалыптастырады.

Тәрбиелік бағыты

  • Эстетикалық тәрбие беру, өнер мен сұлулыққа қызығушылық ояту.
  • Салт-дәстүрді құрметтеуге, елін және жерін сүюге тәрбиелеу.

Жалпы мақсат

Орта ғасырлар кезеңінде Қазақстан аумағында өмір сүрген халықтардың мәдениетімен таныса отырып, қазіргі дәстүрлеріміздің тарихи сабақтастығына ерекше назар аударту. Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға баулу, тілін және сөздік қорын дамыту арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар тақырыптың мағынасын біледі және түсінеді.
  • Өз ойын дәлелдеуге және пікірін жүйелі жеткізуге үйренеді.
  • Топтық жұмыста белсенді қатысып, нәтижені қолдана алады.

Сабақта қолданылатын тәсілдер мен ресурстар

7 модульдің қолданылуы

  • АКТ
  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Әдіс-тәсілдер

  • Миға шабуыл
  • «Кім жылдам?»
  • Постер қорғау
  • Топтастыру
  • Эссе жазу

Ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук, интерактивті тақта.

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг және топқа бөлу

  • Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру.
  • Суреттер арқылы топқа бөлу, отыру тәртібін түсіндіру.
  • Топ басшыларын анықтап, бағалау парақтарын тарату.
  • Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Сәттілік тілеу мәтіні

Бір-бірімізге тірекпіз,

Бірге соққан жүрекпіз.

Аламыз білім жақсы ғып,

Тілейміз бәрімізге сәттілік!

Білу кезеңі: миға шабуыл

«Кім жылдам?» (қайталау)

Интерактивті тақта арқылы әртүрлі деңгейдегі сұрақтар ұсынылады. Оқушылар кезекпен жауап беріп, өткен материалды жүйелейді. Қайталау — оқудың айнасы.

«Мәдениет» сөзжұмбағы (негізгі ұғымдар)

1) Ақ немесе қара (не басқа түсті) киізді оюлап, түрлі түсті жіппен сырып құрастыратын төсеніш
Сырмақ
2) Ханның кеңесшісі
Уәзір
3) Су сақтау және белгі мақсатымен тұрғызылған күмбезді құдық
Сардоба
4) Діни құрылыс, ислам дінін ұстанушылардың мінажат орны
Мешіт
5) Жуынды су ағызатын құдық
Ташнау
6) Әділдігімен және тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам
Би
7) Қымыз және басқа сусын құюға арналған, ешкі терісінен жасалған ыдыс
Мес
8) Құрғақшылықта тәңірден жаңбыр тілеп, құрбандық шалу рәсімі
Тасаттық

«Мәдениет» ұғымы: анықтама және құрылымы

Анықтама

«Мәдениет» термині қазақ тіліне арабтың «маданият» — «қала», «қалалық» деген сөзінен енген. Мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы, адам әрекетінің және саналы қызметінің көрінісі.

Материалдық мәдениет

Адамның шаруашылық пен тұрмысқа байланысты күнкөрісінен туған дүниелер: баспана, киім-кешек, жиһаз, қолөнер бұйымдары және т.б.

Рухани мәдениет

Атадан балаға жалғасқан шығармалар мен құндылықтар: аңыз-әңгімелер, жыр, дастан, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, даналық сөздер және т.б.

Түсіну кезеңі: постер арқылы қорғау

Жаңа тақырыпты жинақтау үшін оқушыларға материалдар мен ресурстар ұсынылады. Олар мәтінмен өз бетінше жұмыс істеп, постер дайындайды және топ атынан қорғайды.

Топтардың тақырыптары

  • 1-топ: Материалдық мәдениет
  • 2-топ: Рухани мәдениет
  • 3-топ: Музыка өнері
  • 4-топ: Діни наным-сенімдер

Жұмыс форматы

  • Кітаппен жұмыс
  • Топта талқылау және дәлелдеу
  • Постер құрастыру және қорғау