Өрнектің мәнін тап
Сабақтың тақырыбы
4-ке көбейту мен бөлу.
Сабақтың мақсаты
Санды 4-ке көбейту және 4-ке бөлуді пысықтау.
Білімділік міндеті
Оқушылардың кестелік көбейту мен бөлуге қатысты білімін толықтыру.
Дамытушылық
Танымдық қабілеттерін, ойлауын, зейінін және есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелілік
Ойын арқылы алға ұмтылуға, мақсатқа жетуге тәрбиелеу және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ сипаттамасы
- Типі: білімді жетілдіру сабағы.
- Түрі: «Алтын қақпа» ойыны.
- Әдістері: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекілік, интерактивті, тест.
Сабақтың жоспары
1) Бағдарлау-мотивациялық кезең
Математика патшалығына ену.
A) «Тас қақпа»
Өткен білімді бекіту (ойын-тесттер).
Слайдтар: №5–14
2) Операциялық-орындаушылық кезең
Флипчарттармен жұмыс.
Ә) «Күміс қақпа»
Оқулықпен жұмыс.
3) Бағалау-мотивациялық кезең
Б) «Алтын қақпа»
- Жаңа сабақты қорытындылау.
- Үй тапсырмасын беру.
- Бағалау.
Сабақтың барысы
1) Бағдарлау-мотивациялық кезең: математика сарайына саяхат
Балалар, бүгін біз Ғылымдар патшалығындағы математика сарайына саяхат жасаймыз. Бұл сарайға жалқаулар мен білмейтіндер кірмейді екен. Ақылды, есепке жүйрік, білімді оқушылар сарайдың үш қақпасынан өтуі керек: тас қақпа, күміс қақпа және алтын қақпа. Әр қақпада түрлі тапсырмалар беріледі. Үш қақпадан өткендерді ерекше сый күтеді.
A) «Тас қақпа» тапсырмасы
Слайдтар: №5–14
Өткен білімді бекіту (ойын-тесттер).
Тас қақпа ашылды (№16 слайд)
Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Есеп құрап көріңдер!
2) Операциялық-орындаушылық кезең: «Күміс қақпа» (оқулықпен жұмыс)
№1 есеп
4 литрлік банкалар
4 литрлік банкалармен 16 л күнбағыс майы және 20 л мақта майы сатып алынды. Неше банка май сатып алынды?
Талдау сұрақтары
- Не белгілі?
- Не белгісіз?
- Қандай амал қолданылады?
Шешуі
16 : 4 = 4 (банка)
20 : 4 = 5 (банка)
4 + 5 = 9 (банка)
Жауабы: 9 банка май.
Салыстыру
Ұқсастығы
Екі жағдайда да 4 литрлік банкілер саны табу үшін бөлу амалы қолданылады.
Айырмашылығы
Көлемдері әртүрлі (16 л және 20 л), сондықтан банка саны да әртүрлі шығады.
№2 тапсырма (ауызша)
4 · 7 = 28
28 : 4 = 7
28 : 7 = 4
7 · 4 = 28
Көбейту мен бөлудің өзара байланысын түсіндіру.
№3 тапсырма (кесте бойынша)
Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және шығар.
| Бағасы | Саны | Құны |
|---|---|---|
| 4 тг | 3 | ? |
| ? | 3 | 12 тг |
| 4 тг | ? | 12 тг |
Талқылау
Бұл есептер өзара кері есептер бола ма? Неліктен?
№4 тапсырма (топтық жұмыс)
Алдыңғы бағанға сүйеніп, өрнектер құрастыр және мәнін тап.
1-қатар
1 және 2 баған
2-қатар
3 және 4 баған
3-қатар
5 және 6 баған
№6 тапсырма (топтық жұмыс)
Өрнектің мәнін тап.
1-қатар (1 баған)
(80 − 48) : 4 = 8
4 · 7 − 28 : 4 = 21
2-қатар (2 баған)
34 + 9 · 4 = 70
90 · 4 − 280 = 80
3-қатар (3 баған)
70 − 18 : 2 − 16 = 45
50 · 4 − 160 : 4 = 160
Күміс қақпа ашылды (№18 слайд)
Қане, тәртіп сақтайық,
Тез есептеп аттайық.
Алға қадам басқанда,
Батыл аттайық!
Қысқа сұрақ
Көбейтуді қандай амал арқылы тексереміз?
Ендеше, бүгін 4-ке көбейту мен бөлуді пысықтау үшін «Күн сәулесін ұстап ал» ойынын ойнайық.
3) Бағалау-мотивациялық кезең: «Алтын қақпа»
Алтын қақпа ашылды (№25 слайд)
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Бағалау (өзін-өзі бағалау)
Үш қақпаның артындағы ерекше сыйға да жеттік: құпия қорапшаның ішінен 5, 4 және 3 бағалары шығады. Оқушы өз еңбегіне сай бағаны таңдауға құқылы. Таңдау себебін түсіндіреді.
Үй тапсырмасы
- №5 есеп, 64-бет.
- Шығармашылық тапсырма, 65-бет.