Селкілдеп келіп жығылды, Аяғына бас ұра
Абай Құнанбаев
Шегіртке мен құмырсқа
(И. А. Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым - ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
= Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!
Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілдерінен ағылшын тіліне аударылуы
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МЫСАЛ ЖАНРЫ
МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар
Мысал жанрының қалыптасуы
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру
Оқытылатын тіл елінің әдебиетін қазақ/орыс әдебиетімен салыстыру
Желтоқсан батырлары
Мысал жанрының тарихы
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚОРҚЫТ туралы
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
ҚАРАБУРА
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
Басқару процесiнiң мазмұны
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Қожа Ахмет Яссауи туралы
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары