Шығармашылық идеяларды дамытуға әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинау

Сабақтың тақырыбы

Ғарыш әлемі

Оқыту мақсаттары

3.1.3.2

Шығармашылық идеяларды дамыту үшін әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинау.

3.3.1.1

Өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және орындалу үдерісін арнайы терминологияны қолдана отырып таныстыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

Әртүрлі материалдарды пайдаланып, «ғарыш әлемі» тақырыбында жұмыс (бұйым/композиция) жасай алады.

Оқушылардың басым бөлігі

Жұмыс жасау барысында материалдарды тиімді таңдап, шығармашылық ойларын дамыта отырып нәтижеге жеткізе алады.

Кейбір оқушылар

Шығармашылық идеясын іске асыру үшін жасалатын бұйым туралы ақпарат жинай алады.

Жетістік критерийлері

  • Тақырыпқа сай әртүрлі материалдан бұйым жасау тәсілдерін зерттей алады.

  • Жиналған ақпаратты тиімді қолданып, шығармашылық идеясын іске асыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар шығармашылық жұмыс орындау үшін әртүрлі материалдарды қалай қолданатынын түсіндіре алады. Олар өткен және жаңа негізгі сөздерді, сондай-ақ әзірлеу барысында қолданылатын терминдерді пайдаланады.

Диалогқа арналған сұрақтар

  • Ғарыш әлемін жасау үшін қандай материалдарды қолданар едің?
  • Сен бұл материалдарды не үшін таңдадың?
  • Қолданған материалдарыңның қасиеттерін сипаттап бере аласың ба?

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Ғарыш туралы не білесің?
  • Күн жүйесінде қанша планета бар?
  • Күн жүйесіндегі планеталардың қандай атауларын білесің?
  • Ғарыш әлеміндегі қандай нысандарды атай аласың?

Пәнаралық байланыс және оқу ресурстары

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары дамытылмайды, себебі сабақ барысында АКТ қолданылмайды.

Білімге сүйену

Бастапқы білім

Оқушы шығармашылық жұмыс барысында қандай материалдарды қолдануға болатынын айта алады.

Алдыңғы білім

Қоршаған орта, эксперимент жасау және стильдеу туралы түсінігі бар.

Сабақтың басы (1–5 минут)

  1. 1 Оқушылармен амандасу.
  2. 2 Қызығушылықты арттыру мақсатында өткен сабаққа қысқаша шолу жасау.
  3. 3 Оқушыларға аудиожазба тыңдатып, бағыттаушы сұрақтар қою:
    • Тыңдаған аудиожазбадан не естідің және оны немен байланыстыра аласың?
    • Ғарыш туралы не білесің?
  4. 4 Слайд №1 бойынша сұрақтар:
    • Күн жүйесінде қанша планета бар? Жауап: 8
    • Күн жүйесіндегі планеталардың атауларын ата: Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.
  5. 5 Слайд №2 бойынша сұрақ:
    • Қазақстандық ғарышкерлерден кімдерді білесің? Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, А. Айымбетов.