Жай сөйлем түрлерін қайталау
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
- Пән
- Қазақ тілі
- Сынып
- 8-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Жай сөйлем түрлерін қайталау
- Әдістер
- Сұрақ-жауап, СТО әдіс-тәсілдері
- Көрнекілік
- Интерактивті тақта, үлестірмелі кеспе
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушылардың жай сөйлемнің бөліну түрлері туралы алған білімін бекіту және еске түсіру.
Дамытушылық
Қызығушылықты арттыру, талдау жұмыстарына дағдыландыру, шығармашылық қабілетті дамыту.
Тәрбиелік
Қамқор болуға баулу және еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабақ мақсатына бағыттау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдарды қысқаша қайталау және оқушылардың түсіну деңгейін нақтылау.
3) «Ой шақыру» әдісі
Жай сөйлем түрлерін еске түсіру
Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем
Ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел қатысқан сөйлем
Бастауышы болмай, баяндауышы негіз болатын сөйлем
Келесі сөйлемдегі ойдың мезгілін, мекенін көрсететін сөйлем
Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай бөлінетін сөйлем
Ойға қатысты мүшелердің бірі түсіріліп айтылған сөйлем
Бастауышы бар, бірақ жасырын тұратын сөйлем
Тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем
Бір ғана интонациямен айтылып, бір ғана ойды білдіретін сөйлем
4) «Мағынаны тану» кезеңі
88-жаттығу
Мәтінді оқып, мазмұндау.
- Мәтіндегі жай сөйлемдерді түрлеріне қарай ажырату.
- Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашу.
- «Тұрақты тіркестер» ұғымын анықтау және мысал келтіру.
5) Талдау жұмысы
Тақырыптық бекіту
«Талдау — табыс кілті»
Берілген сөйлемге сатылай кешенді талдау жүргізу:
Ердің атын еңбек шығарады.
6) «Болжау» стратегиясы
89-жаттығу
- Берілген жыр үзіндісінің мазмұнын жай сөйлем түрлерін қолдана отырып жазу.
- Жазылған үзіндіні әр оқушы өз бетінше ізденіп, өз ойымен аяқтау.
7) Қорытынды
«Қайталау — оқу анасы»
Сабақ мазмұны бойынша негізгі тұжырымдарды жүйелеу, сұрақтарға жауап беру.
Сәйкестендіру тесті
Жай сөйлем түрлерін анықтауға арналған қорытынды тапсырма.