Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі

Сабақ тақырыбы

Абайдың музыкалық мұрасы (слайдымен)

Сабақтың мақсаты

I. Білімділік

Ұлы сазгер Абайдың қазақ музыкасы тарихындағы орны мен әндерінің ерекшеліктері туралы білім беру.

II. Дамытушылық

Музыканы тыңдап, түсіне білу дағдысын дамыту; ән айту қабілеттерін жетілдіру. Абай әндерін оқушы санасына сіңіру.

III. Тәрбиелік

Абай әндері арқылы эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру. Абай мұрасын жалғастыратын саналы, өнерлі, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Түрі мен типі

  • Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
  • Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік

  • Әдістер: түсіндіру, баяндау, әңгімелеу
  • Көрнекілік: интерактивті тақтадағы слайдтар, музыкалық аспаптар, суреттер, Абай портреті

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсаты мен ерекшелігі таныстырылады. Оқушылардың назары сабаққа шоғырландырылады.

II. Рефлексия

Оқушылар бір-біріне Абайдың нақыл сөздерін негізге ала отырып тілек айтып, сабаққа кіріспе жасайды.

«…Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан…» — демекші, сен де өмірден өз жолыңды табуыңа тілектеспін.

Оқушы тілегі (үлгі)

«Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.»

Мұғалімнің тілегі

Мұғалім қорытындылайды: әр оқушының бойында осы үш қасиеттің — ыстық қайраттың, нұрлы ақылдың, жылы жүректің — болғанын тілейді.

III. Жаңа сабақ: Абайдың музыкалық мұрасы

Абай — ұлы ақын әрі ағартушы. Ол музыка саласында да айрықша мұра қалдырды. Абай өз өлеңдері мен қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырды. Ал музыкаға қатысты мұндай мүмкіндік шектеулі болды, өйткені Абай өмір сүрген кезеңде қазақ қоғамында музыканың жазба мәдениеті қалыптаспаған, халықтық музыка ауызша дәстүр арқылы тараған.

Сол себепті Абайдың әндері де басқа халық ән-күйлері секілді ауыздан-ауызға, заманнан-заманға көшіп жетті. Бүгінге дейін оның жиырмаға жуық әні белгілі.

Зерттеушілер пікірі

  1. Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа форма енгізді. Г. Шомбалова
  2. Абай әндері қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармашылығы негізінде қалыптасты, халық композиторларының өнерінен нәр алды. Б. Г. Ерзакович
  3. Абай әндері табиғаты мен рухы жағынан нағыз ұлттық ән үлгісі болды. Олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне сүйеніп, орыс әуендері мен романстарының элементтерін енгізу арқылы ұлттық музыка өнерін байытып, кеңейтті, толықтырды. А. Қ. Жұбанов

IV. Сөз кезегі

Сөз кезегі әріптесіме беріледі.

Әріптестің аты-жөні/бөлімі осы жерге енгізіледі.

V. Әнге тоқталу: «Айттым сәлем, Қаламқас»

Бүгінгі сабақта Абайдың бірнеше әніне тоқталамыз. Соның бірі — «Айттым сәлем, Қаламқас». Мәтінмен танысып көрейік.

Шығарма туралы

  • Өлең 1889 жылы жазылған.
  • Құрылымы: әр шумағы 4 тармақтан тұрады, жалпы 10 шумақ.
  • Тақырыбы: жастық, сұлулық, ғашықтық; екі жастың сүйіспеншілігі мен ішкі сезімі кейіпкер монологы арқылы ашылады.
  • Жігіт бейнесі — Абай дәуіріндегі оқығаны мен тоқығаны мол, жаңа тұрпатты азамат.
  • Өлең 7–8 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген.
  • Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте шыққан «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» жинағында жарияланған.
  • Абай бұл өлеңіне ән шығарған. Ән көбіне өлеңнің алғашқы үш шумағы бойынша орындалып келеді.
  • Бұл туынды қазақтың әдет-ғұрпына, салт-санасына, талғам-танымына қайшы келмейтін, жастықты, сұлулықты, махаббатты жырлайтын «сәлем хат» сипатындағы жаңа поэзиялық-музыкалық жанрды танытты.

VI. Әннің сөзі

Айттым сәлем, Қаламқас

Айттым сәлем, Қаламқас,

Саған құрбан мал мен бас.

Сағынғанда сені ойлап,

Келер көзге ыстық жас.

Сенен артық жан тумас,

Туса туар — артылмас.

Бір өзіңнен басқаға,

Ынтықтығым айтылмас.