Бəрін айтып жасқанбай, Риза қылғын басқаны

Қазақ тілі • 1-сынып

Тақырыбы: Үй жануарлары

Бұл сабақта оқушылар тыңдалған мәтінді түсініп, түсінгенін пікір, сұрақ немесе қимыл арқылы білдіруге үйренеді. Сабақ барысы ойын арқылы ұйымдастырылып, суретпен жұмыс және сөйлем құрастыру дағдылары дамытылады.

Оқу мақсаты

1Т5.1.1 — тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.

Тілдік мақсат

  • Үй жануарларының атауларын дұрыс дыбыстайды.
  • Табиғи тәсілмен көрсетеді (қимыл, дыбыс арқылы).
  • Үй жануарлары туралы қысқа сөйлем құрастырады.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, сурет сабағы.

Сабақ мақсаты

Деңгейлер бойынша күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар орындай алады

  • Үй жануарларының атауларын атайды.
  • Үй жануарларының суреттерін бояйды және атап бере алады.

Көпшілік оқушылар орындай алады

  • Үй жануарларын суреттен көрсете алады.
  • Үй жануарларының пайдасы туралы айта алады.

Кейбір оқушылар орындай алады

  • Үй жануарларының атын атап, суреттен табады және дыбыстайды.
  • Қарапайым сөйлем құрастырады.

Сабақтың құрылымы

Сабақта болжам жасауға арналған тірек сөздер қолданылады, ал сөйлем құрастыру “Қарлы кесек” ойыны арқылы бекітіледі.

Алдыңғы оқу

“Сәлемдеме жіберіңіз” стратегиясы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақ мақсаты хабарланып, бағалау дескрипторлары таныстырылады.

Басы (20 минут): Ширату

Тағы сабақ басталды, Бес алуға аз қалды. Бәрін айтып жасқанбай, Риза қылғын басқаны. Үлгілі де бола біл, Жақсыны сен көре біл! Таңдандырып үй-ішін, Жақсылық сыйлап, өсе біл!

  • Оқушылар сынып ішіне әр жерге қойылған суреттерді жинайды (“Жартысын тап” ойыны).
  • Балалар құрастырған суреттер бойынша үй жануарларын атайды.

Әдіс-тәсілдер

  • Тірек сөздер арқылы болжам ұсыну.
  • “Қарлы кесек” ойыны арқылы сөйлем құрастыру.
  • Суретпен жұмыс және бояу тапсырмасы.

Ақпарат

Мектеп
Комаров атындағы орта мектебі
Мұғалім
Базарова Газиза Советовна
Тақырып
Үй жануарлары