Тіл білімінің салаларын ата
«Бәрін білгім келеді» сайыс сабағы
Мақсаты
Пәндер бойынша викториналық сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың білімін, алғырлығын анықтап, білімді, алғыр әрі үздік сыныпты айқындау.
Түрі мен типі
Дәстүрлі емес форматтағы сайыс сабағы.
Әдіс-тәсілдері және құралдары
- Баяндау, талдау
- Сұрақ-жауап, интерактив
- Интерактивті тақта, слайдтар
Өту барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен қадірлі қонақтар! Бүгінгі тілдер онкүндігі аясында өтетін «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
К. Э. Циолковскийдің сөзі:
«Мен адамға: өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!»
Ана тілі — қазағымның қаймағы, Тілің — сенің өміріңнің айғағы. Бүгін, міне, тіл туралы сайысқа Әр сыныптың білгірлері шығады.
Әділ бағасын беретін қазылар алқасына сөзімізді арнай отырып, әділқазылар мүшелерімен таныстырамыз:
- ____________________________
- ____________________________
Сайыс кезеңдері
1-кезең: «Сәлем — сөздің анасы»
Топтар өздерін таныстырады.
2-кезең: «Бинго»
Қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
-
«Көксерек» әңгімесінің авторы және басты кейіпкерлері кімдер?
Жауабы: Мұхтар Әуезов; Құрмаш, Көксерек.
-
Сын есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Жауабы: сапалық, қатыстық.
-
Шығарманың композициялық жоспары қандай бөлімдерден тұрады?
Жауабы: оқиғаның басталуы, байланысы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.
-
Күрделі сөздердің қандай түрлері бар?
Жауабы: қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз.
-
Өлең жолдарындағы қайталаудың түрлері қандай?
Жауабы: жай қайталау, анафора, эпифора.
-
Тіл білімінің салаларын атаңыз. Олар нені зерттейді?
Жауабы: лексика, фонетика, морфология, синтаксис.
-
Ж. Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінде оқиға қай жерде өтеді және басты кейіпкері кім?
Жауабы: Жетішатыр; Әмірқан.
-
Сын есім қалай түрленеді? Мысал келтіріңіз.
Жауабы: шырай формалары арқылы (мысалы: жақсы — жақсырақ — ең жақсы).
-
«Есіл бойында» әңгімесі қай романнан алынған үзінді? Авторын атаңыз.
Жауабы: «Өмір мектебі», Сәбит Мұқанов.
-
Өткен шақтың түрлері мен жасалу жолдарын айтыңыз.
Жауабы: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ.
-
Лирика дегеніміз не? Оның ерекшелігі қандай?
Жауабы: адамның көңіл күйін, сезім әлемін бейнелейтін әдеби түр.
-
Етістіктің ерекше түрлері қандай? Жасалуын айтыңыз.
Жауабы: есімше, көсемше, тұйық етістік.
3-кезең: «Жекпе-жек» (капитандар сайысы)
Орысша берілген мақалдың қазақша баламасын табу.
-
Доброе слово — половина блага
Жақсы сөз — жарым ырыс.
-
Сказанное слово — вылетевшая пуля
Айтылған сөз — атылған оқ.
-
Даже говоря в шутку — подумай
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
-
Начало искусства — красноречие
Өнер алды — қызыл тіл.
-
Человек без Родины, как соловей без леса
Отансыз адам — ормансыз бұлбұлмен тең.
-
Язык острее клинка
Тіл — қылыштан да өткір.
-
Кто слов не ценит, сам себя не ценит
Сөз қадірін білмеген — өз қадірін білмейді.
-
То, что не поднимет слон, поднимет язык
Піл көтермегенді тіл көтереді.
-
Много видевший станет предводителем, много говорящий станет оратором
Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
4-кезең: «Сиқырлы ұяшықтар»
Тақырыптар бойынша ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау.
Тақырып: «Ереже — білім бастауы» (қазақ тілі)
-
10 балл
Зат есім қалай түрленеді?
Жауабы: көптеледі, жіктеледі, септеледі, тәуелденеді.
-
20 балл
Көсемше қандай екі түрлі қызмет атқарады?
Жауабы: етістік және үстеу қызметі.
-
30 балл
Сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
Тапсырма: берілген сөйлемді морфологиялық тұрғыдан талдау.
Тақырып: Әдебиет
-
10 балл
Үш жасында «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі етеді!» деп бата алған ақын кім?
Жауабы: Мағжан Жұмабаев.
-
20 балл
«Сыңарын тап» (автор — шығарма)
Дулат Бабатайұлы
— «Саятшы»
Жамбыл Жабаев
— «Өзім туралы»
Сәбит Мұқанов
— «Бандыны қуған Хамит»
Сәкен Сейфуллин
— «Аягөз, қайда барасың»
Қасым Аманжолов
— «Аттандыру»
-
30 балл
1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданында дүниеге келген. «Сұлушаш» поэмасы, «Мөлдір махаббат», «Аққан жұлдыз» романдарының авторы кім?
Жауабы: Сәбит Мұқанов.
Тақырып: Салт-дәстүр
-
10 балл
Біреудің дүние салғанын жақындарына хабарлау қалай аталады? Қай шығармада кездеседі?
Жауабы: естірту; «Қозы Көрпеш — Баян сұлу».
-
20 балл
Қоштасу қай кезде айтылады? Қай шығармада кездеседі?
Жауабы: өмірмен, туған жермен қоштасқанда немесе жақын адамын ұзақ сапарға шығарып салғанда айтылады; Ж. Жабаевтың «Аттандыру» шығармасында кездеседі.
-
30 балл
Барымта дегеніміз не? Қай шығармада кездеседі?
Жауабы: есе қайтару немесе өш алу мақсатында жасалатын әрекет; «Ананың анасы».
5-кезең: «Мақал — сөздің мәйегі»
Берілген сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беру.
-
Жыланды қалай інінен шығарамыз?
Жауабы: «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.»
-
Инемен құдық қазуға бола ма?
Жауабы: «Білім — инемен құдық қазғандай.»
-
Аппақ қарға бола ма?
Жауабы: «Қарға баласын аппағым дейді.»
-
Ең тәтті не?
Жауабы: «Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті.»
-
Қар жана ма?
Жауабы: «Қалауынша тапсаң, қар жанады.»
-
Не оттан да ыстық?
Жауабы: «Отан — оттан да ыстық.»
-
Тауық түс көре ме?
Жауабы: «Тауықтың түсіне тары кіреді.»
-
Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
Жауабы: «Шашу оңай, жинау қиын.»
-
Білгенің қанша, білмегенің қанша?
Жауабы: «Білгенің — бір тоғыз, білмегенің — тоқсан тоғыз.»
-
Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
Жауабы: «Көз қорқақ, қол батыр.»
-
Отқа түсіп күймеуге бола ма?
Жауабы: «Отан үшін отқа түс — күймейсің.»
-
Ер қаруы нешеу?
Жауабы: «Ер қаруы — бес қару.»
6-кезең: «Зерек болсаң, тауып көр»
Бейнежұмбақтың шешуін табу.
Жауабы:
Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
7-кезең: «Бірлігіміз жарасқан»
Ән орындау: «Балдәурен».
Осылайша, сайыс кезеңдері аяқталды. Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаз топты жеңісімен құттықтаймыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Бағалау парағы
№ ______
Әр кезең бойынша ұпайларды белгілеңіз
| Топтың аты | Сәлем — сөздің анасы | Бинго | Жекпе-жек | Сиқырлы ұяшықтар | Мақал — сөздің мәйегі | Зерек болсаң, тауып көр | Барлығы |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ________________ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ |
| ________________ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ |
| ________________ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ | _____ |