Синонимдер нендей сөздер
Қазақ тілі (5-сынып): «Лексика» тарауын қайталау
Сабақ құрылымы «Аптаның жеті күні» тақырыбы бойынша ұйымдастырылып, әр күнге берілген тапсырмалар арқылы лексика бөліміндегі негізгі ұғымдар жүйелі түрде қайталанады.
Мақсаты
- Білімділік: лексика тарауын қайталау арқылы оқушы білімін саралау.
- Тәрбиелік: сөз құдіретін терең түсінуге, орынды қолдануға, диалог құруға үйрету.
- Дамытушылық: шығармашылық қабілетін ояту, санадағы бейнелерді еске түсіріп, көркем ой түю.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ–жауап, талдау, тіл дамыту
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Оқуды бағалау
- АКТ қолдану
Сабақ түрі және көрнекілік
- Сабақ түрі: танымдық жинақтау
- Көрнекілік: слайдтар, тест түрлері, талдау тапсырмалары
- Ойын: «Досыма көмек»
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, мақсат пен күтілетін нәтижені қысқаша нақтылау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Балалар, үйге “Лексика” тарауын толық қайталап келу тапсырылған еді. Бүгінгі сабағымыз “Аптаның жеті күні” тақырыбы бойынша өтеді. Аптаның әр күніне тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды орындау арқылы лексика тарауын қайталаймыз. Ендеше, дүйсенбіден бастайық».
«Сөз әлеміне саяхат»: негізгі сұрақтар
Төмендегі сұрақтар лексика тарауының өзегін құрайтын ұғымдарды еске түсіруге бағытталған.
- Лексика ғылымы нені зерттейді?
- Сөздің тура және ауыспалы мағынасы деген не?
- Көп мағыналы сөздер дегеніміз қандай сөздер?
- Омонимдер дегеніміз не?
- Синонимдер қандай сөздер?
- Антонимдер дегеніміз не?
- Табу дегеніміз не?
- Эвфемизм мен дисфемизм қандай сөздер?
- Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
- Мақал-мәтелдер дегеніміз не?
- Көнерген сөздер және олардың түрлері
- Жалпылама лексика дегеніміз не?
- Кірме сөздер, неологизмдер дегеніміз не?
- Диалект сөздер, кәсіби сөздер, терминдер дегеніміз не?
«Кім жылдам?» тапсырмасы
Жіктеу • Таным • ТалдауҮзінділердегі асты сызылған сөздердің қай сөз табы не қандай лексикалық топқа жататынын анықтаңдар.
-
Найзалары саптаулы,
Дұшпанға атар жебесі,
Қорамсақпен қаптаулы. -
Бір шай ішім мұрсат болмады,
Нән балық та құтырып,
Суға сыймай сандалды. -
Атам бір қайтты дүниеден,
Бес жасты жетім қалдырды. -
Рахатсыз біткен мал —
Ұйқыда көрген түс деген. -
Хакімі әділ болмаса,
Бұқара, байтақ ел жетім.
Тест тапсырмаларына талдау
1) Жабық тест
-
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы —
- а) сөздік құрам
- ә) мәтін
- б) лексика
-
Эвфемизмі бар сөзді анықта.
- а) ұрлық
- ә) қолды болды
- б) ұрланды
-
Ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөзді тіл білімінде қалай атайды?
- а) лексика
- ә) көп мағыналы сөз
- б) табу
-
Ойды бейнелеп, тұспалдап және ишарамен айтылған сөз —
- а) мақал
- ә) сөздік қор
- б) мәтел
-
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер —
- а) кірме сөздер
- ә) жаңа сөздер
- б) тіркес сөздер
-
Антонимді тап.
- а) сулы – сусыз
- ә) сулы – құрғақ
- б) сулы – сулы емес
-
Мына сөздерден табуды тап.
- а) шырайлым
- ә) қайын сіңлі
- б) Ақмарал
-
Мына сөздерден тұрақты тіркесті анықта.
- а) тас бауыр — мейірімсіз
- ә) тас бауыр — тас бауыр емес
- б) тас бауыр — жүрек жұтқан
2) Сәйкестік тест
Антонимдік тұрақты тіркестердің сәйкес сыңарын табыңдар.
3) Балама (альтернативті) тест
Төмендегі тұжырымдардың дұрыстығын анықтаңдар (иә/жоқ).
- Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп атала ма?
- «Арық адам» және «су ішетін арық» сөздері синоним бола ма?
- Белгілі бір сөздердің жиынтығы мәтін бола ма?
- Белгілі бір ойдың жиынтығы мәтін бола ма?
- Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер омоним деп атала ма?
- Екі немесе одан да көп мағынаға ие болу көп мағыналылық деп атала ма?
- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер көп мағыналы сөздерге жата ма?
- «Өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік» сөздері зат есімнен болған синонимдерге жата ма?
- Басқа тілден енген сөздер тарихи сөздер деп атала ма?
- Ұл балаға «шырақ», «мырза жігіт», «төре жігіт» деп ат қою антонимге жата ма?
- «Жеделхат, ғарыш, зейнетақы» сөздері мәтін бола ма?
4) Толықтыру тест
Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, ережені толық жазыңдар.
-
Көнерген сөздердің ережесі:
Қол... ныс... н шы... п қал..., та... хи шы... ма... да ғ... н... кез... се... н, ма... н... ы кө... кі сө... дер... і кө... рге... сөз... р дей... з.
-
Мәтіннің ережесі:
Бел... лі б... р ой... ың жи... ты... ы.
Практикалық бөлім
Лексикалық талдау
Төмендегі сөйлемдерге лексикалық талдау жасаңдар.
Сауаттылық
Сауаттылық — тілдің қасиетін меңгеру және оны орынды қолдана білу.
Өздік диктант
Абайдың «Қыс» өлеңінен екі шумақты жатқа жазыңдар.
Тіл дамыту
Төмендегі тақырыптарға синонимдерді және тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын мәтін құраңдар:
- 1) Менің досым
- 2) Менің мектебім
- 3) Менің ата-анамның кәсібі
Демалу сәті: «Есіңе сақта!»
Сен аптаның алты күнінде мектепке келіп, білім алып жүрсің. Ғылымның негізі мектептен басталады. Күнделікті сабағың — жаңа білімнің бетін ашу, жаңа терминдермен танысу.
Автор туралы мәлімет
Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі — Болатбаева Мирамкүл.