Төлеген Айбергенов - қазақ кеңес ақыны

Сабақ жоспары: әдебиеттік оқу

Тақырып: Т. Айбергенов — «Ақ қыс»

Түрі: жаңа сабақ Типі: жаңа материалды меңгерту

Мақсаты

  • Төлеген Айбергенов туралы мәлімет беру және «Ақ қыс» өлеңінің мазмұны мен мағынасын меңгерту.
  • Қыс мезгіліндегі мерекелерді талқылау арқылы оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне ықпал ету.
  • Қысқы ойындар, қар түрлері және жұмбақтар арқылы қиялды, ой-өрісті дамыту; ұйымшылдық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдістері мен ресурстар

Әдістері

Түсіндіру, баяндау, тірек-сызба, сөздік жұмысы, тізбектеп оқу, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану, қазақ тілі.

Көрнекілігі

Слайдтар, табиғат суреттері, ақынның суреті, ойын тапсырмалары.

Сыныпты ұйымдастыру

Топқа бөлу

Сынып екі топқа бөлінеді:

«Аққала» «Қаршақыз»

Топ ішіндегі рөлдер

  • 1-оқушы: Баяндаушы
  • 2-оқушы: Толықтырушы
  • 3-оқушы: Бейнелеуші
  • 4-оқушы: Сұрақ құрастырушы

Психологиялық ахуал

Қайырлы күн, досым!
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің сәті
Қуанышқа толсын!
Біздің алар бағамыз
Тек «5» қана болсын.

Қызығушылықты ояту

Сұрақ-жауап арқылы қыс тақырыбына бағыттау:

  • Қазір қай мезгіл?
  • «Қар» дегенде көз алдыңа не келеді?
  • Қар қайдан пайда болады?
  • Қар туралы не білесің?
  • Қыста қандай ойындар ойнайсың?
  • Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?
  • Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
  • Саған ерекше ұнайтын мереке қайсысы?

«Сіз білесіз бе?» айдары

Қар түрлеріне қысқаша тоқталу (қылау, ұлпа қар, жапалақ қар, т.б.).

Мағынаны тану

Тақырыпты ашу

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады. Одан кейін слайдтармен жұмыс жүргізіледі.

Бүгінгі мәтін

Бүгін біз Төлеген Айбергеновтің «Ақ қыс» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Төлеген Айбергенов (1937) — қазақ кеңес ақыны. Ол Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келген.

Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институтты тәмамдаған. Қоңырат ауданында және Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында мұғалім болған.

1965 жылдан бастап Алматыда тұрып, Жазушылар одағында қызмет атқарды. 1958 жылдан бері өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінде жариялана бастады.

Жинақтары:

  • «Арман сапары» (1963)
  • «Өмірге саяхат» (1965)
  • «Құмдағы мұнаралар» (1968)

Оқулықпен жұмыс

«Ақ қыс» өлеңін оқу

Өлең мәнерлеп оқылады, кейін мазмұны талқыланады.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Өлеңде не туралы жазылған?
  • Ақын қыс мезгілін қалай сипаттаған?
  • Қар бетіндегі адам іздерін ақын неге ұқсатады?
  • Жүрген кездегі қардың сықырлауын ақын нені еске түсіретін дыбысқа теңейді?

Сөздік жұмысы

Рояль — пернелі музыкалық аспап, фортепианоның бір түрі.

Дәптермен жұмыс (сөздік)

Қазақша
Орысша
Ағылшынша
қар
снег
snow
аппақ қар
белый снег
white snow
қыс
зима
winter
қыс келді
зима пришла
winter has come

Постермен жұмыс

  • Қыс мезгілінің ерекшеліктерін анықтау.
  • Ақынның қысты суреттеу тәсілдерін талдау.