Табу қай тілдің сөзі
Тақырыбы: «Өнерлінің өрісі кең»
5-сыныптар арасында өтетін білім сайысы.
Мақсаты
- Оқушылардың білімін сайыс арқылы дамыту.
- Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін арттыру.
- Ана тілі мен тарихқа құрмет қалыптастыру.
- Елін сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың ашылуы
Құрметті қонақтар мен оқушылар! М. Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңдік дәрежесіне жеткізетін қасиет – білім» деген. Халық даналығы да: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді. Бүгінгі «Өнерлінің өрісі кең» білім сайысына қош келдіңіздер!
Сайыс басталар алдында әділқазылар алқасы сайланып, қатысушылар сайыстың шартымен таныстырылады. Әр топ өз таныстыруын ұсынады.
Сайыстың кезеңдері
1-кезең: «Кім жылдам?»
Әр топқа 5 сұрақ беріледі. Ойлануға 1 минут. Жауаптар кезекпен беріледі.
1-топ сұрақтары
- Көнерген сөздер дегеніміз не? Мағынасына қарай қаншаға бөлінеді?
- Әдеби тіл неше формаға бөлінеді?
- «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторы кім?
- М. Мақатаев қай қалада қызмет еткен?
- Ең алғашқы түсірілген кинофильм қандай?
2-топ сұрақтары
- Антоним дегеніміз не?
- Диалект сөздер дегеніміз не?
- Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылды?
- Тасқа жазылған көне дастандар қалай аталады?
- 1854 жылы көктемде құрылған бекініс қайсы?
3-топ сұрақтары
- Табу дегеніміз не?
- Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?
- Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кімге арналған?
- Ш. Айтматов қай ұлттың перзенті?
- XIX ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке қайсы?
4-топ сұрақтары
- Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
- Синоним дегеніміз не?
- Қожа Ахмет Ясауидің кітабы қалай аталады?
- Шәкәрім қай жылы толық ақталды?
- А. С. Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма қалай аталады?
2-кезең: «Қызықты грамматика»
Берілген суреттерден көнерген сөздерді, жаңа сөздерді, кірме сөздерді, кәсіби сөздерді тауып, оларға фонетикалық талдау жасалады.
3-кезең: «Логикалық тапсырма»
Суреттер бойынша тұрақты тіркестерді тауып, олардың баламасын айту.
4-кезең: «Ой ұшқырлығы»
Көзді байлап сурет салу. Биыл Жылқы жылы болғандықтан, қатысушылар тұлпардың суретін салады.
5-кезең: «Топ басшылар жарысы»
Уақыт: 1 минут. Мақсат: мүмкіндігінше көп сұраққа жауап беру.
I топ
- Қазақстанның астанасы? — Астана
- «Он екі» қандай сөз? — күрделі сөз
- «Келе-келе» қандай сөз? — қос сөз
- Әкеңнің әкесі саған кім? — ата
- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? — 9
- Жиренше шешеннің әйелінің аты? — Қарашаш
- Ер Төстіктің тұлпарының аты? — Шалқұйрық
- «Үлкен» сөзінің антонимі — кіші
- «Көзді ашып жұмғанша» тіркесінің баламасы — тез
- «Хан» қандай сөз? — көнерген сөз
- «Дәптер» қандай сөз? — кірме сөз
- «Әңгелек» қандай сөз? — кәсіби сөз
- «Жаманның шын аты» — Аяз би
- «Толағай» ертегісінің авторы — Ә. Тәжібаев
II топ
- Абай Құнанбайұлының өлеңі — «Қыс», «Ғылым таппай мақтанба»
- «Егеуқұйрық» қандай сөз? — біріккен сөз
- «Жиырма бес» қандай сөз? — күрделі сөз
- Тазша қай ертегінің кейіпкері? — «Қырық өтірік»
- Кенжекей қай ертегіде кездеседі? — «Ер Төстік»
- «Бәдірен» қандай сөз? — диалект сөз
- «Шиіт» қандай сөзге жатады? — кәсіби сөз
- «Торлама» қандай сөз? — кәсіби сөз
- «Өгіз бен бақа» шығармасының авторы — А. Байтұрсынұлы
- Ер Төстіктің қалыңдығының аты — Кенжекей
- Толағай не істеді? — тау көтерді
- Кендебайдың тұлпарының аты — Керқұла
- «Жиырма бес» қандай сөз? — күрделі сөз
- «Түс» — қандай сөз?
III топ
- Махамбет Өтемісұлының өлеңі — «Қызғыш құс» (немесе соғыс тақырыбындағы өлеңдері)
- «Екібастұз» қандай сөз? — біріккен сөз
- Керқұла кімнің тұлпары? — Кендебайдың
- «Егіннің бастары» кімнің шығармасы? — А. Байтұрсынұлы
- «Бәтеңке» қандай сөз? — кірме сөз
- «Ит өлген жер» тіркесінің баламасы — алыс
- «Патша» қандай сөз? — көнерген сөз
- Анаңның әкесі саған кім? — нағашы ата
- «Итқұс» қандай сөз? — табу
- «Биік» сөзінің антонимі — аласа
- «Адам» қандай сөз табы? — зат есім
- «Айта-айта» қандай сөз? — қос сөз
- «Шербек» қай сөзге жатады?
- Төле би достық туралы не деген?
IV топ
- «Тасбақа» қандай сөз? — біріккен сөз
- Табуға мысал келтір.
- Буын түрлерін ата.
- Әкеңнің анасы саған кім? — әже
- «Ғылым таппай мақтанба» — кімнің өлеңі? — Абай
- Эвфемизмге мысал келтір.
- Көнерген сөзге мысал келтір.
- «Сіріңке» қандай сөз? — диалект сөз
- «Биік» сөзінің антонимі — аласа
- «Табу» қай тілден енген? — индонезия тілінен
- Синонимге мысал келтір.
- Математика терминіне мысал келтір — куб
- Неліктен көнерген сөздер қазір жиі қолданылмайды?
- «Екі аяғын бір етікке тығу» баламасы — ұрсу
6-кезең: «Жарнама жасау»
Белгілі бір сурет бойынша қысқа жарнама құрастыру.
Қорытынды
Әділқазылар нәтижені шығарып жатқанда музыкалық үзіліс ұйымдастырылады: «Қазақ жастары» әні.