Алдан шығып достарым, Тоса берді тостағын
Мұқағали Мақатаев
Көңіл де пәс, пәс кеуде,
Аэропортта даң.- дұңмен
Затым кетті Мәскеуге,
Ақтөбеде қалдым мен.
Алдан шығып достарым,
Тоса берді тостағын.
Ұсынғасын тостағын,
Сілтеп - сілтеп тастадым.
Адал ас пен көңілін
Қалай қиып кетерсің.
... Айхай, менің өмірім,
Армансыз - ақ өтерсің!
Маған жоқ - тың жат, дұшпан
Бәрі бауыр, тұстасым.
Қалып қойдым ақ құстан,
Ақтөбеде қысқасы.
Көңіл, неге мұздадың?
Асықпа әлі, жетерсін,
Қазағыңның тұз - дәмін
Қалай қиып кетерсің?!
Қарсы алар ма бір адам,
Сонау алыс шалғайда.
Мына көңіл, мына дәм
Бола ма алда, болмай ма?!
Бірге күліп жыласқан,.
Пәк көңілдер бір жүрсін
... Мына дала, мына аспан
Қимай тұр ма, кім білсін?!
Өкінгенмен өнбейді,
Ақылынды тауыспа!
Жібергісі келмейді
Далаң сені алысқа.
Ерте тұрып, қам жаса,
Сапарыңды жалғауға.
Өкінбегей, алдаса,
Өкінішті арманға.
Опық жеме, арланба,
Орта жолда қалғанға!
Жаным неге күйзелді?!
Жаздың таңы ата гөр.
... Жусан менен өзенді
Иіске де, жата бер...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Қуандық Шаңғытбаевтың Махаббат пен ғадауат кітабындағы айшықты өрнектер, көркемдік ерекшелігі турасында
Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
С.Торайғыровтың шығармалары
Исламдағы тұңғыш соғыс
ЕКІНШІ СЫНЫП АТАМҰРА ЖӘНЕ АЛМАТЫКІТАП БАСПАЛАРЫНЫҢ ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ
Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны
Тимур және оның командасы
Қазақ халқының күй өнері
Алдан Айымбетов ұлтын ұлықтаған азамат, қайраткер
Алдан Аймбетов ұлтын ұлықтаған азамат, қайраткер. «Казахская правда» газетінің көтерген өзекті мәселелері
САРЫҰЛЫ АҚТАНБЕРДІ
ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Құдайбердіұлы Шәкәрім
«КЕҢІСТІК» КОНЦЕПТІСІНДЕГІ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ВЕРБАЛДАНУЫ
Сарыұлы Ақтамберді
Шәкәрім Қудайбердіұлы (1858 - 1931).
Тазша алданғанын біліп
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым
Міне, үш ай жазғы демалыстан шығып, жаңа оқу жылына зейін қоямыз деп жүргенде, күздің суық та қоңыр күндерінің қалай өткендігін де байқамай қалыппыз