Ұлтымыз кім

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы

Балабақша тәрбиешісі: Амирова Нұргүл Ануарбекқызы

Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Оқу іс-әрекетінің бағыты

Білім беру саласы

Шығармашылық, қатынас, әлеуметтік орта.

Іс-әрекет түрлері

  • Тіл дамыту
  • Қоршаған ортамен таныстыру
  • Жапсыру

Тақырыбы

«Достық — ел мақтанышы»

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту, танымдық құзыреттілігін арттыру, сөздік қорын молайту, татулық пен достыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері

  • 1 Сөздік қорын молайту.
  • 2 Есте сақтау қабілетін дамыту.
  • 3 Ойлау қабілетін жетілдіру.

Құрал-жабдықтар мен сөздік жұмыс

Көрнекіліктер

Қазақстан Республикасының рәміздері, ұлт өкілдерінің суреттері, жыл мезгілдері тақырыптық көрнекіліктері, үлестірмелі суреттер.

Қажетті заттар

  • Желім
  • Қайшы
  • Түрлі түсті қағаз
  • Альбом

Билингвизм (жаңа сөздер)

көктем жаз күз қыс достық шар Әнұран Ту Елтаңба

Сабақ барысы: тәрбиешінің іс-әрекеті

1) Шаттық шеңбері

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырып, жылы тілектермен сабақты бастайды:

Армысың, қайырымды Аспан ата!

Армысың, шұғылалы Алтын күн!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

2) Әңгімелесу және сұрақ-жауап

Тақырыпты ашуға арналған сұрақтар

  • Жыл мезгілдері қандай? Айларын атап беріңдер.
  • Көктем мерекелері туралы не білесіңдер?
  • Біздің Отанымыз қалай аталады?
  • Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?
  • Біздің ұлтымыз кім?

Негізгі ой

Тәрбиеші балалардың назарын көрнекіліктерге аударып, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні екенін түсіндіреді. Қазақстан — көпұлтты мемлекет: мұнда өзбек, орыс, әзербайжан, татар, ұйғыр, украин және басқа да көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Кең байтақ елімізде 120-дан астам ұлт өкілі бар.

Тәрбиеші: «Татулықсыз, достықсыз жақсы іс алға баспайды» деген ойды бекітіп, балаларға достық пен бірлік туралы білетін тақпақтарын айтуға және мақал-мәтелдер келтіруге ұсыныс жасайды. Халқымыздың кеңпейілдігі мен қонақжайлығының арқасында түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүріп келеді.

3) Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы өлең жолдарын қайталайды:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Әлемдегі бар адамға,

Жақсылық біз тілейміз.

4) Ойын-тапсырма: «Шар жапсырамыз!»

Тапсырма мазмұны

Балалар түрлі түсті қағаздан шарларды қиып, альбом бетіне ретімен жапсырады. Жұмыс барысында ұқыптылық, қауіпсіздік және бір-біріне көмектесу дағдыларына мән беріледі.

Тілдік мақсат

Тәрбиеші жаңа сөздерді бекітеді және балаларға оларды сөйлем ішінде қолдануға бағыт береді: көктем, жаз, күз, қыс, достық, шар, Әнұран, Ту, Елтаңба.