Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесіСабақ міндеті:Білімділігі

Сабақ тақырыбы

Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі

Сабақ міндеттері

  • Білімділігі

    Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы туралы түсінік қалыптастыру.

  • Дамытушылығы

    Оқулықпен, берілген тапсырмалармен және сызбанұсқалармен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.

  • Тәрбиелілігі

    Жануарлардың жоғары сатыдағы ұйымдасуын және ағзада жүретін физиологиялық үдерістерді түсіндіре отырып, оларға ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Омыртқалы жануарлар

Омыртқалы жануарларға балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер жатады.

Қанайналым жүйесін қарастырмас бұрын артерия, вена, капилляр (тамыр түрлері), жүрек қуыстары және салқынқанды мен жылықанды ұғымдарын нақтылап аламыз.

Қантамырлар: артерия, вена, капилляр

Вена (көктамыр)

Көмірқышқыл газына бай қан вена қаны деп аталады. Оны тасымалдайтын тамыр вена немесе көктамыр.

Артерия (салатамыр)

Оттегіне бай қан артерия қаны деп аталады. Оны тасымалдайтын тамыр артерия немесе салатамыр.

Капилляр (қылтамыр)

Артерия мен венаны байланыстыратын ең ұсақ тамырлар капиллярлар немесе қылтамырлар деп аталады.

Салқынқанды және жылықанды жануарлар

Салқынқанды

Дене температурасы тұрақсыз, ауа райына және қоршаған орта жағдайына тәуелді жануарлар салқынқанды деп аталады.

  • Балықтар
  • Қосмекенділер
  • Жорғалаушылар

Жылықанды

Дене температурасы тұрақты және қоршаған ортаның температурасына тікелей тәуелді емес жануарлар жылықанды болады.

  • Құстар
  • Сүтқоректілер

Жүрек қуыстары және омыртқалылардағы ерекшелік

Жүрек қуыстары (бөлімдері) құлақша және қарынша деп аталады. Омыртқалыларда жүрек құрылысы біртіндеп күрделене түседі.

Жануарлар тобы Жүрек құрылысы
Балықтар Екі қуысты: бір құлақша және бір қарынша.
Қосмекенділер Үш қуысты: екі құлақша және бір қарынша.
Жорғалаушылар Үш қуысты: екі құлақша және бір қарынша (қарынша ішінде жартылай перде болады).
Құстар мен сүтқоректілер Төрт қуысты: екі құлақша және екі қарынша.

Қанайналым шеңберлері

Омыртқалыларда қанайналым үлкен және кіші шеңберлер арқылы жүзеге асады.

Үлкен қанайналым шеңбері

Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артериялар және денеден жүрекке қайта әкелетін веналар жүйесі үлкен қанайналым шеңберін құрайды.

Кіші қанайналым шеңбері

Қанның өкпеге (кейбір топтарда теріге де) барып, газ алмасудан кейін жүрекке қайта оралатын тармағы кіші қанайналым шеңбері деп аталады.

Тапсырмалар

1-тапсырма. «Сурет сыры»

Суреттер бойынша жануарлардың жүректерін салыстырып, әр жүрек құрылысының қай жануарға тиесілі екенін анықтаңыз.

2-тапсырма. «Кім білімпаз?»

Терминдер мен анықтамаларды сәйкестендіріп, қанайналым шеңберлері мен жүрек қуыстары бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.