Қола дәуірінің сұрақтары
Сабақ туралы мәлімет
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылы, К. Төгісов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі — С. Қанағатова.
Сабақтың тақырыбы
«Жас тарихшылар» сайысы
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Өткен тақырыптар бойынша білімді жинақтау, танымдық қызығушылықты арттыру және оқушыларды шығармашылыққа баулу.
-
Дамытушылық
Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, іздену, салыстыру дағдыларын дамыту және пәнге қызығушылықты күшейту.
-
Тәрбиелік
Еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған елге және туған жерге құрмет сезімін қалыптастыру.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Сабақтың түрі
- Сайыс сабақ
- Әдістері
- Топқа бөлу, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, пікір алмасу, топтастыру, ассоциация құру және т.б.
- Көрнекілігі
- Үлестірмелі қағаздар, кестелер, ұяшықтар, сөзжұмбақтар және т.б.
- Пәнаралық байланыс
- Жаратылыстану
Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 6-сынып оқушыларымен «Жас тарихшылар» атты сайыс сабағын бастаймыз. Бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Сайысқа I және II топ қатысады. Сайыс 5 бөлімнен тұрады. Жеңіске жеткен топқа «Жас тарихшылар» атағы беріледі.
Сайыс құрылымы (5 бөлім)
-
I бөлім: Асу
1 ұпай / дұрыс жауапӘр топқа 13 сұрақ қойылады.
-
II бөлім: Өткел
1 ұпай / дұрыс жауапТоптық жұмыс: сұрақ екі топқа да ортақ қойылады.
-
III бөлім: Белес
1 ұпайТоптастыру және сәйкестендіру тапсырмалары.
-
IV бөлім: Жерұйық
1 ұпай / дұрыс жауапҰяшықтарды шешу.
-
V бөлім: Бәйге
1 ұпай / дұрыс жауапШығармашылық жұмыс: сөзжұмбақ шешу.
Топтарға бөлу
I топ
Тас дәуірі
II топ
Қола дәуірі
Қызығушылықты ояту
Адам қайдан жаралған? Бұл — жауаптары сан қырлы, бір тоқтамға келе бермейтін сұрақ. Ғылымнан да іздейміз, діндерден де болжам жасаймыз: судан ба, оттан ба, жерден бе, күннен бе — бардан ба, жоқтан ба?
Әр нәрсеге үңіліп, әркімге ұқсап бақтық. Ақыры көпшілік ғұлама Дарвинге жүгінді. Бірақ адам өз болмысын да ұмытпайды: «Мен — адаммын!»
I бөлім: Асу
Әр топқа 13 сұрақI топ: Тас дәуірі (сұрақтар)
- 1. Ең алғашқы адамдар өмір сүрген қоғам қалай аталады? (Алғашқы қауымдық құрылыс)
- 2. Алғашқы адамдардың сүйегі Қазақстанның қай жерінен табылды? (Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы)
- 3. Андронов мәдениетінің тұрақтары алғаш қай жерден табылған? (Ачинск маңы)
- 4. Археологтар адамзат дамуын қандай дәуірлерге бөледі? (Тас, қола, темір дәуірі)
- 5. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын атаңыз. (Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар)
- 6. Қаратау өңіріндегі тастарда көбіне нелердің суреті бейнеленген? (Соғыс арбалары)
- 7. Соңғы қола дәуірінің мәдениетін атаңыз. (Беғазы–Дәндібай мәдениеті)
- 8. Неолит дәуірінде тас өңдеудің қандай әдісі қолданылды? (Жылтырата тегістеу)
- 9. Алғашқы еңбек бөлінісі деген не? (Мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі)
- 10. Жер бетін қашан мұз басты? (Бұдан 100 мың жыл бұрын)
- 11. 1938 жылы неандерталь бала табылған үңгір қайда? (Өзбекстандағы Тесіктас)
- 12. Неолиттің 150-ге жуық тұрақтары, кен орындары және жерлеу орындары қай өңірден табылды? (Жезқазған өңірі)
- 13. Ежелгі қалалардың бірі Арқайым қайда орналасқан? (Қостанай мен Челябі облыстарының аралығы)
II топ: Қола дәуірі (сұрақтар)
- 1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі қандай? (Тас дәуірі)
- 2. Алғашқы адамдардың бастапқы топтасу жүйесі қалай аталады? (Тобыр)
- 3. Тобырдан кейінгі топтасу жүйесі? (Рулық қауым)
- 4. Тас дәуірін өндірістен ығыстырған дәуір? (Қола дәуірі)
- 5. Адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым? (Археология)
- 6. Епті адам қай жерден табылды? (Африка, Кения, Олдувай шатқалы)
- 7. Мезолитте жебе мен садақтың доғал, домалақ ұштары қандай мақсатта қолданылды? (Терісі бағалы аңдарды аулау үшін)
- 8. Неолит кезеңі қай уақытты қамтиды? (Б.з.б. 5–3 мыңжылдықтар)
- 9. Мезолиттің ең үлкен жаңалығы қандай? (Садақ пен жебенің пайда болуы)
- 10. Балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы қалай аталады? (Бағыштау, инициация)
- 11. Қай дәуірде малды қолға үйрете бастады? (Мезолит)
- 12. Ең алғаш қолданылған металл? (Мыс)
- 13. Қазіргі заман адамының пайда болуы ежелгі адамдар өмірінің қай кезеңімен байланысты? (Кейінгі палеолит)
II бөлім: Өткел
Ортақ сұрақтарСұрақтар екі топқа да қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
- 1. Жер бетінде бұдан 100–35 мың жыл бұрын пайда болған адам? (Неандерталь)
- 2. Бір қабат өңделген жүзінде кертік ойықтары бар өткірлеу әдісі? (Ретушь)
- 3. Жамбыл облысынан бес мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар? (Бөріқазған, Шабақты)
- 4. Саналы адам табылған жер? (Франция, Кро-Маньон үңгірі)
- 5. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең өрістеген түрі? (Көзе құмыралар жасау)
- 6. Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті? (Андронов мәдениеті)
- 7. Андроновтықтардың сүт өнімдері мен етті сақтау тәсілі? (Жер асты шұңқырларда)
- 8. Андроновтықтардың бет-бейнесін сипаттаған ғалым? (Алексеев)
- 9. Қола қалай алынады (қосындысы)? (Мыс пен қалайы)
- 10. Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тонна кен өндірілгенін айтқан ғалым? (Қ. Сәтбаев)
- 11. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны? (Нарым, Қалба)
- 12. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралдары қатар қолданылған кезең? (Энеолит)
- 13. Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал түрлері? (Қой мен жылқы)
- 14. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін зерттеген ғалым? (Ә. Марғұлан)
III бөлім: Белес
Топтастыру · СәйкестендіруI топ: Тас дәуірі (сәйкестендіру)
| № | Термин | Нұсқа |
|---|---|---|
| 1 | Австралопитек | E. Олдувай шатқалы |
| 2 | Питекантроп | A. Ява аралы |
| 3 | Синантроп | D. Чжоу-коу-дянь үңгірі |
| 4 | Неандерталь | C. Германия |
| 5 | Кроманьон | B. Франция |
II топ: Қола дәуірі (уақытпен сәйкестендіру)
| № | Термин | Уақыты |
|---|---|---|
| 1 | Австралопитек | D. Б.з.б. 1 млн жыл |
| 2 | Питекантроп | E. 1 млн – 750 мың жыл |
| 3 | Синантроп | B. Б.з.б. 500 – 200 мың жыл |
| 4 | Неандерталь | C. Б.з.б. 100 – 35 мың жыл |
| 5 | Кроманьон | A. Б.з.б. 40 – 35 мың жыл |
Ескерту: Тізім оқулықтағы берілген нұсқаларға сай ұсынылды; нақты даталаулар ғылыми әдебиеттерде әртүрлі көрсетілуі мүмкін.