Жұмбақтар құрастыру

Сабақтың тақырыбы

Үйрену — Ә. Асылбеков (245-бет).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға төселдіру.
  • Әртүрлі мамандық иелері туралы түсінік беру.

Дамытушылық

  • Жылдам оқуға дағдыландыру.
  • Берілген сұрақтарға дәл әрі анық жауап беруге үйрету.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

  • Еңбекті қадірлеуге тәрбиелеу.
  • Кәсіптік бағдар беру, мамандық таңдауға бағыттау.

Сабақтың әдістері

Топпен жұмыс: шығармашылық қабілетті дамыту, сурет салу, өлең құрастыру, жұмбақ шешу және құрастыру, логикалық ойлауға дағдыландыру.

Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

  • Тірек сызбалар
  • Суреттер
  • Ойыншықтар
  • Кодоскоп

Негізгі идея

«Адамды адам еткен — еңбек» қағидасы сабақтың өзегіне айналады: оқушы еңбектің құндылығын түсініп, мамандықтарға құрметпен қарауға үйренеді.

Үй тапсырмасы кезінде «Зергер» тақырыбы тірек сызба арқылы пысықталады, автор туралы қысқаша мәлімет беріледі және жатқа айту дағдысы тексеріледі.

Ескерту: Зергерлік өнер — ата-бабамыздан қалған құнды мұра.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Тірек сызба арқылы пысықтау: «Зергер».
  • Автор туралы қысқаша мәлімет.
  • Мәтінді/өлеңді жатқа айту.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе

  • Автор туралы түсінік беру.
  • Еңбек туралы ой қозғау: «Адамды адам еткен — еңбек».
  • Өлеңді мәнерлеп оқу (мұғалім үлгісі).
  • Оқушыларға кезектестіріп оқыту.

Топтық тапсырмалар (оқу және табу)

I топ

Айдалада ақ отау, ... жоқ атау.

Сөздер: ауыз — рот — mouth; мұрын — нос — nose

II топ

Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.

Жауабы: кітап — книга — book

III топ

... — асқар тау, ... — бауырындағы бұлақ, ... — жағасындағы құрақ.

Сөздер: ата — дедушка — grandfather; бала — мальчик — boy; ана — мать — mother

IV бағыт

Шығармашылық және ойлау тапсырмалары.

Нұсқау: топпен орындау.

IV. Шығармашылық жұмыстар

1) Ұйқас бойынша шумақ құрастыру

I топ

Балық ... жүзеді, ... сүңгіді, ... отырып, ... ойлады.

II топ

... керікті ... созыпты, оны бақылап ағалар, ... тауыпты.

III топ

Бұлбұл ... тыңдады, ... тамсанды ... апалар. Тамылжыта ән салды.

2) Жұмбақ құрастыру

  • Инелік
  • Қырау
  • Қайық

4) «Өнер тапқыштар клубы»

Өзің қандай өнертабыс ойлап тапқың келеді? Идеяңды қысқаша дәлелде.

V. Кітаппен жұмыс

Мақал-мәтелдерді жаттау және мағынасын түсіндіру (кодоскоп арқылы).

VI. Дәптермен жұмыс

Мақал-мәтелдердің мағынасын дәптерге жазу.

VII. Қорытынды

Оқушылар табиғат құбылыстарын бақылау арқылы адамның қандай өнерлерді үйренгенін атайды: тікұшақ пен инеліктің, балық пен қайықтың және басқа да ұқсастықтарды салыстырады.

VIII. Үй тапсырмасы

  • 245–246-беттерді жаттау.
  • Бақылаған табиғат құбылыстары туралы әңгімелеу.