Бағандағы сөздерді оқу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Енсегенов Қалыбай
Сабақтың тақырыбы
Х дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты
1) Танымдық мақсат
Оқушылар Х дыбысы мен әрпін таниды, Х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, жазуға үйренеді.
2) Дамытушылық мақсат
Ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық пен ізденімпаздық қабілеттерін дамытады.
3) Тәрбиелік мақсат
Кітапты күтіп ұстауға, кітапханашы мен хат тасушы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелейді.
Көрнекіліктер
- Х дыбысы мен әрпінің плакаты
- Үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
«Шаттық шеңберін» құрып, оқушылар бір-біріне тілек жазылған хат ұсынады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ: Я, Ю дыбыстары туралы не білеміз?
Қосарлы дауысты дыбыстар
- Я дыбысы
- Ю дыбысы
- Жеке тұрғанда буын құрайды.
«Жарыс» мәтіні оқытылады, мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.
Оқушылар аю, тақия, ою, пияз, қияр суреттерін қарап, есте сақтап, жазып көреді.
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Тақтадағы суреттерге қарап, аттарын атайды: хат, шахмат, халат, хоккей, дәріхана, мейрамхана, емхана.
Х дыбысы туралы
- Таныс емес әріпті анықтап, Х әрпін атайды.
- Х дыбысын дауыстап бірнеше рет айтады.
- Х — дауыссыз дыбыс.
- Кейбір сөздердегі Х дыбысы араб, парсы тілдерінен енген сөздерде кездеседі.
Сөздік жұмысы
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын түсіндіреді және буынға бөліп оқиды:
- хат, ха-бар, дә-рі-ха-на
- шах-мат, хор, ха-лат
- ас-ха-на, сая-хат
IV. Дәптермен жұмыс
Х әрпін алдымен ауада жазып үйренеді, кейін дәптерге жазады.
Тақырыпты өмірмен байланыстыру
«Хат» және «хат тасушы» туралы әңгімелейді: хатты қаламмен де, компьютермен де жазуға болады; хат пошта арқылы жеткізіледі.
V. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Біп-биік боп өседі.
Оқулықпен жұмыс
«Кітапхана» мәтіні оқытылады. Оқушылардан кітапхана және кітапханашы туралы ойлары сұралады.
Ойын: «Ұйқасын тап»
Бос орынға сәйкес келетін сөзді табады:
- ... атпаймыз, ... баспаймыз.
- ... баламыз, ... ойнаймыз.
VI. Қорытынды
Сөз құрастыру
Берілген бөліктерден сөз құрастырады:
- ем + хана → емхана
- ас + хана → асхана
- дәрі + хана → дәріхана
- кітап + хана → кітапхана
- шебер + хана → шеберхана
- ұста + хана → ұстахана
Оқу тапсырмасы
Оқушылар мына сөздерді оқиды: Хамит, Хадиша, Нұрхат.
VII. Үй тапсырмасы
- Х дыбысы мен әрпін қайталау.
- Бағандағы сөздерді оқу.
- «Кітапхана» мәтінін оқу, мазмұнын түсініп келу.
VIII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқуы, жазуы және тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.