Тау жыныстарының әртүрлілігін түсіндіру
Дүниетану сабағы (3-сынып)
Тақырып
Тау жыныстары деген не?
Мақсаты
- Тау жыныстарының әртүрлілігін түсіндіру.
- Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызын үйрету.
- Пайдалы қазбаларды қорғауға, жанғыш пайдалы қазбаларды үнемдеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Қатты тау жыныстарының коллекциясы.
- Саз, құм және кристалл тастарының жиынтығы.
- Электронды оқулық, интерактивті тақтаға дайындалған сызба-схемалар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау, амандасу және сыныптың дайындығын тексеру.
2) Қызығушылықты ояту
Мен атқан таңды сүйемін, таңды сүйемін.
Шуағын шашқан күнді сүйемін, күнді сүйемін.
Аялаған табиғатты сүйемін, табиғатты сүйемін.
Қоршаған бар әлемді, өзімді және сіздерді сүйемін.
Оқушылар:
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген —
Дүниетану сабағы.
3) Үй тапсырмасын тексеру
Интерактивті тақтадағы электронды оқулықты пайдаланып, № 4, 6, 7, 8, 11, 14, 16 тест тапсырмаларын орындау.
4) Жаңа тақырып
Бүгінгі сабақта тау жыныстарының не екенін анықтап, пайдалы қазбалардың тұрмыстағы және өндірістегі маңызын талқылаймыз.
Тақырып өзегі
Тау жыныстары және пайдалы қазбалар
«Миды шынықтыру» сұрақтары
- Адамдар құрылыста қандай материалдарды пайдаланады?
- Оларды қайдан алады?
- Отынның қандай түрлерін білесіңдер?
- Пайдалы қазбаларды қандай мамандық иелері өндіреді?
5) Оқулықпен жұмыс
- A Тақырыпты тізбектей оқу.
- Ә Мазмұнын ашу, негізгі ұғымдарды анықтау.
- Б Тақтада топтастыру сызбасын құрастыру.
- В Дәптермен жұмыс.
Тірек-сызба
Тау жыныстары
Құм, саз, гранит, мәрмәр, әктас, мұнай, газ, таскөмір — бұлар пайдалы қазбалар.
Негізгі ұғымдар
- Кен
- Пайдалы қазбалар табылған жер.
- Кеніш
- Пайдалы қазбаларды өндіретін орын.