Мұқағали Мақатаев Бүгін менің туған күнім (электронды оқулық)
Мұқағали Мақатаев: «Бүгін менің туған күнім» электронды оқулығы
9 ақпан — қазақтың дара ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. «Ең бірінші бақытым – халқым менің, Саған берем ойымның алтын кенін», — деп, көзі тірісінде-ақ елін ерекше қастерлеп өткен ақын ұлын артындағы жұрты да ешқашан ұмытқан емес.
Өткен жылы ақынның 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Туған халқы ұлан-асыр той жасап, ақын туған өлке — Жетісу өңірі бұл күнге айрықша дайындалды.
Автор туралы
Ерлан Шарапиев
Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы.
Неге электронды оқулық дайындалды?
Қазақ поэзиясының жарық жұлдызына арналған дүбірлі тойға өз үлесімді қосу және қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы ретінде ақиық ақынның жырларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында қолдан келгенше электронды оқулық дайындадым.
Ақын үні
Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
Мына жұрттар неғып жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірім бір жарытпай-ақ қойғаны-ай!
Тілек, тағзым
Иманды ұрпақ жүрегіне көмілгесін,
Жырларыңа халқың неге шөліркесін.
Ақ бұлттары арымайтын шың секілді,
Сен әлі ұлылықтың көгіндесің.