Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік

Күнделікті сабақ жоспары (Қазақ тілі, 5-сынып)

Тақырыптар тізімі

  • 11. Ойдың тура және ауыспалы мағынада айтылуы
  • 12. Көп мағыналы сөздер
  • 13. Жаттығулар орындау
  • 14. Омонимдер
  • 15. Жаттығулар орындау

№3 сабақ үлгісі

Пәні
Қазақ тілі
Сыныбы
5-сынып
Күні, айы, жылы
Тоқсан
I тоқсан
Мұғалім
Сабақ тақырыбы
Ойдың тура және ауыспалы мағынада айтылуы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға ойдың тура және ауыспалы мағынада айтылуы туралы лингвистикалық білім беру.

Тәрбиелік

Тәрбиелік мәні зор сөйлемдерді оқыта отырып, оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Балалардың сөздік қорын байыту және лингвистикалық дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың сипаттамасы

  • 1 Типі: аралас сабақ
  • 2 Түрі: дәстүрлі сабақ
  • 3 Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау
  • 4 Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар
  • 5 Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Қысқаша өзек

Бұл сабақта оқушылар сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасының айырмашылығын түсініп, мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылған сөздер мен сөйлемдерді табуға үйренеді.

Негізгі ұғым: лексикалық (тура) мағына — сөздің басқа сөздермен байланысқа түспей, жеке тұрғандағы нақты, негізгі мағынасы.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік.
  2. 45-жаттығу.

III. Білімді тексеру (сұрақ-жауап)

1) «Мағына» дегенді қалай түсінесің?

2) Сөздің тура мағынасына мысалдар келтір.

3) Тура мағына мен ауыспалы мағынаның айырмашылығы қандай?

IV. Жаңа сабаққа дайындық

  • Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
  • Сабақтың мақсатын түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке дара тұрғандағы нақты, негізгі мағынасы лексикалық (тура) мағына деп аталады.

Сөз тура мағынада заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталады. Мысалы, үй, биік, бару сөздерінің әрқайсысының белгілі бір мағынасы бар:

Үй — заттың атауы.

Биік — сын-сапаны білдіреді.

Бару — қимылды білдіреді.

Бұл сөздердің тура мағынада басқа сөздермен тіркесіп қолданылу аясы олардың белгілейтін шындық болмыстардың өзара байланысына тәуелді.

VI. Түсінікті тексеру (сұрақ-жауап)

  1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
  2. Бір сөзде бірнеше мағына болуы неліктен? Негізгі және туынды мағына қалай пайда болады?
  3. Сөздің тура мағынасы мен қолданыстағы мағынасын қалай ажыратуға болады?

Өздік жұмыс

Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Әр сөз кемінде екі мағынада қолданылсын:

ас адам жүрек кәсіп құс тері май маса ағаш темір саңырау алыс ойыншық бұлақ қол жал

VII. Жаңа сабақты бекіту (оқулықпен жұмыс)

I топ

46-жаттығу: мәтіннен құрамында ауыспалы мағынасы бар сөйлемдерді көшіріп жаз.

II топ

47-жаттығу: мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылған сөздерді тап.

VIII. Сабақты қорытындылау

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

49 және 50-жаттығу.