Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын

Сіз қандай ата-анаcыз?

Төмендегі шағын сауалнама ата-ана ретіндегі ұстанымыңызды байқап көруге көмектеседі. Әр сұрақта үш жауап бар: A, Ә, Б. Соңында баллдарды қосып, нәтижені оқыңыз.

Ескерту: Бұл тест — диагноз емес. Ол тәрбиедегі әдеттерді ой елегінен өткізуге арналған бағыт-бағдар ғана.

Сұрақтар

1) Балаңыз мектептен кейін үйге кейде көзі көгеріп, кейде шалбары жыртылып келеді

  • AНе болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз.
  • ӘКөмектесесіз, аздап ұрсасыз, бір күні осы қылықтарының салдарынан қиындыққа тап болуы мүмкін екенін айтасыз.
  • БЕш мән бермейсіз: бәрін өзі істесін дейсіз.

2) Балаңыздың достары бар, бірақ олардың тәртібі нашар

  • AОл балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз.
  • ӘБалаларды үйге шақырып, оларға ықпал етуге тырысасыз.
  • ББалаңызға достарының кемшіліктерін айтып, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.

3) Балаңыз ойнағанды жақсы көреді, бірақ жеңілгенді ұнатпайды

  • AЕш әрекет етпейсіз: жеңіліске өзі үйренсін дейсіз.
  • ӘЖеңілісін мойындап үйренгенше онымен ойнаудан бас тартасыз.
  • БЖеңілісті мойындауға үйрететін жағдайды әдейі ұйымдастырасыз.

4) Балаңыз күні бойы ойнауға дайын, кешке ұйқысы келмейді

  • AҰйқының не үшін маңызды екенін түсіндіресіз.
  • ӘҚай уақытта жатқысы келсе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз.
  • ББелгіленген уақытта төсегіне жатқызып, өзіңіз бөлек қалдырасыз.

5) Балаңыз күні бойы теледидар көргісі келеді

  • AБалаларға арналған бағдарлама біткен соң, оны ұйықтатасыз. Теледидарды тек ол ұйықтағаннан кейін қосасыз.
  • ӘНені көруге болатынын және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз.
  • ББалаңыз үшін кейбір бағдарламаларды таңдап, бірге қарауға келісесіз.

6) Балаңыз үлкендердің әңгімесіне жиі араласады

  • AБұл әдеттің жағымсыз екенін түсіндіресіз.
  • ӘТыңдамағаны үшін жазалайсыз.

7) Балаңыз жасы кіші болса да, «ғашық» болып қалады

  • AБәрін сол қалпында қалдырасыз.
  • Ә«Балалық махаббатқа» жол бермейсіз.
  • БМахаббаттың мәнін және қарым-қатынастың қандай болуы керектігін түсіндіресіз.

8) Басқа балалар балаңызды ұрып, келемеждейді

  • AӨзіне тиіссе, есесін қайтаруға үйретесіз.
  • ӘОл балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз.
  • ББалаңызды ол балалармен араластырмау үшін бар күшіңізді саласыз.

9) Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол көтереді

  • AӨзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз).
  • ӘОсыған дейінгіден де көбірек көңіл бөліп, балаңызбен көбірек сөйлесесіз.
  • БЗорлық-зомбылық көрсетілетін фильмдерді көруге тыйым саласыз.

Балл қою кестесі

Әр сұрақ бойынша таңдаған жауабыңызға сәйкес баллды белгілеңіз. Соңында барлығын қосыңыз.

Сұрақ A Ә Б
1305
2250
3035
4350
5023
6503
7305
8530
9053

Қалай есептейсіз: Әр сұрақта таңдаған әріптің баллын алып, бәрін қосыңыз. Жиналған ұпай — төмендегі нәтижелердің біріне сәйкес келеді.

Нәтижелерді түсіндіру

0—18 балл

Сіз балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге бейімдеп тәрбиелеп жатырсыз, оның басқа заманның адамы екенін ескере бермейсіз. Бүгінгі заманда ең маңызды қасиеттердің бірі — өзіне сенімділік пен шығармашылық, алайда сіз оларды байқамай, дамытуға жеткілікті мән бермеуіңіз мүмкін.

Өмір өзгеріп, алға жылжып бара жатқанын қабылдау қиындау. Тәрбиеде ескі көзқарас басым болуы ықтимал.

19—35 балл

Сіз балаңыздың болашақта қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз. Дегенмен, заман талабына сай болуға талпынысыңыз бар. Тәрбиеде ескі әдіс-тәсілдерді қолданбауға тырысасыз.

Қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуді үйретіп жүрсіз, жеткілікті деңгейде еркіндік бересіз және толық бағындыруға ұмтылмайсыз. Бірақ өзіндік өмірге дайындау жағы әлі де әлсіз болуы мүмкін.

Балаңыздың өз бетімен ойлауын жүйелі дамытуға көңіл бөліңіз — сонда оның әр жағдайға қатысты өз көзқарасы қалыптаса бастайды.

36—50 балл

Сіз балаңыз мейірімділік пен әділеттілік басым, ақыл-ойды, ашық мінезді және жеке пікірді бағалайтын, ал өзімшілдікті құптамайтын әлемде өмір сүретініне сенесіз.