Кім бар жоғын тексеру
Сабақ туралы мәлімет
Пән / Сынып
Әдебиет, 5-сынып
Сабақ түрі
Ашық сабақ
Тақырып
Т. Молдағалиев — «Бауырлар»
Мақсаты
- Тақырыпты ашу, талдау және түсіндіру арқылы оқушылардың рухани ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
- Сүйіспеншілікті бүкіл тіршілікке, болмысқа бағыттаудың мәнін ұғындыру; қасындағы адамдарға, Отанға, елге, жерге деген ықыласты күшейту.
- Табиғатқа деген сезімді ояту, өзін және өзгені сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ әдістері
- Мәнерлеп оқу
- Талдау
- Сөздікпен жұмыс
- Жеке тапсырмалар
Көрнекіліктер
Мақал-мәтелдер, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер, өлең жинақтары, кітаптары.
Сабақтың құрылымы
-
1 Ұйымдастыру
-
2 Өткенді пысықтау
-
3 Жаңа сабақ
-
4 Қорытынды
-
5 Үй тапсырмасы
-
6 Бағалау
Пәнаралық байланыс
Тарих, география, биология, әдеп.
Картамен жұмыс
Алматы, Қазақстан Республикасы.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру және белсенді қатысуға ынталандыру.
- Сынып кезекшісін анықтау.
- Оқушылардың қатысуын тексеру.
Өткенді пысықтау
Үй тапсырмасы: С. Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» шығармасы бойынша сұрақтарға жауап беру.
Талқылау сұрақтары
- 1 С. Жүнісовтің өмірбаяны туралы не білесің?
- 2 Оқиға қай өңірде өтеді? Той кімнің асына арналған?
- 3 «Мынау пырақ екен!» деген сыншыл қарсы пікірді кім айтты?
- 4 Ат үстінде сан түрлі өнер көрсеткен кім еді? Асқа жиналғандарға не деп жар салды?
- 5 Мөңкеге Ақан қандай кеңес берді? Бәйгеге неше жүз жылқы қосылды?
- 6 Құлагердің қос жауы кімдер еді?
- 7 «Ақырғы бәйге» шығармасының жоспарын ірі бөлімдерге бөліп айт.
- 8 Құлагердің мертіккен сәтіндегі трагедиялық күйді ақын қалай суреттеген?
- 9 Ақанның рөлін сомдап, үзіндіден көрініс көрсет.
Жаңа сабақ: Т. Молдағалиев — өмірі мен шығармашылығы
Қысқаша өмірбаян
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысындағы Жерсу ауылында дүниеге келген.
Ол сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы ретінде танылған. Ақын поэзиясы туған елге, туған жерге, Отанға, ата-анаға, дос-жаранға деген сөнбес махаббатты оқырман жүрегіне ұялатады.
ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген.
Қызмет жолы
- 1959–1970: «Пионер» журналында қызмет атқарды.
- 1970–1973: «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды.
- 1973 жылдан: «Жазушы», «Жалын» басылымдарында бас редакторлық қызмет атқарды.
- 1992: Физули атындағы халықаралық «Түркі дүниесі ақындары» сыйлығы берілді.
- «Балдырған» журналында бас редактор қызметін атқарған.
Шығармашылығы
Жинақтары
Өлеңдері мен поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шыққан.
Алғашқы жарияланымы
1954 жылы тұңғыш өлеңі «Украина қызына» жарияланған.
Белгілі кітаптары
- «Ескерткіш» (1962)
- «Шақырады жаз мені»
- «Жүрек ояу қашанда»
Әнге айналған өлеңдері
Өлеңнен үзінді
Қауқылдасып қалдық-ау, есендесіп,
Таңнан тағы тербетті шешем бесік.
Қарсы алуға дайын тұр бауырларың —
Өз жеріңе бәрің де келсең көшіп.
Мәтінмен жұмыс
Мазмұндау
Өлең мазмұнын жүйелі түрде баяндау.
Мәнерлеп оқу және талдау
Әр оқушы өлеңді мәнерлеп оқып, жеке талдау жасайды.
Пікір айту
Өз ойын дәлелмен жеткізу, негізгі идеяны анықтау.
Ән орындау
«Құстар қайтып барады» әнін орындау.
Өлеңнің негізгі ойы
«Бауырлар» өлеңінде ақын қазақ жерінің кең-байтақ екенін, елдің дархан көңілін және береке-бірлікке үндейтін асқақ рухын айқын көрсетеді. Туған жер шашылған тарыдай жан-жақта жүрген қазақ баласына құшағын айқара ашып, елге оралуды, бірлік пен бауырмалдықты дәріптейді.
Ерекше екпін
- Отанға деген ықылас — ортақ құндылық.
- Салт-дәстүрді сақтау — ұрпақ жауапкершілігі.
- Бауырмалдық пен бірлік — елді күшейтетін тірек.
Қорытынды: мақал-мәтелдер
Туған жер қадірі
- Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
- Басшысы жоқ ел — жетім, елі жоқ жер — жетім.
- Жері байдың — елі бай.
- Кең болсаң, кем болмайсың.
Бірлік пен бауырластық
- Ағасы бардың — жағасы бар, інісі бардың — тынысы бар.
- Бірлік болмай, тірлік жоқ.
- Көз қорқақ, қол батыр.
Сабақ соңында оқушыларға тақырыптың түсінікті болғаны анықталып, Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімін тереңдету мақсатында қысқаша пікір алмасу жүргізіледі.