Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндір

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп, түзете-дамыта оқыту сыныбының мұғалімі — Кулашева К.К.
Сабақтың тақырыбы
Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың түрі
«Ұлылар еліне саяхат» сабағы
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, семантикалық картамен жұмыс, жаттығулар орындау
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, «Ұлылар еліне саяхат» баннері, «Теңге алу» ойыны, семантикалық карта, Венн диаграммасы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың сөз, түбір және қосымша туралы ұғымдарын пысықтау; қосымшалардың қызметтері әртүрлі болатынын байқату арқылы жұрнақ пен жалғау туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушының сөздік қорын байыту; тапсырмалар орындау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды таза, көркем жазуға және зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы: «Ұлылар еліне саяхат»

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

329-жаттығу. Бүгін біз «Ұлылар еліне» саяхатқа шығамыз. Саяхатқа аттану үшін төмендегі сұрақтарға жауап береміз:

  1. Сөз дегеніміз не?
  2. Сөз құрамы қандай бөліктерден тұрады?
  3. Түбір дегеніміз не?
  4. Қосымша дегеніміз не?

Абай Құнанбаев ауылы: кіріспе әңгіме

Абай Құнанбаев (1845) — Семей өңірінде туған, қазақ халқының ұлы ақыны, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

Абай халықтың тағдырын терең түсініп, оның мұңын жоқтаушы болу керектігін айтқан.

Табиғат лирикасындағы белгілі шығармалары: «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры». Әр өлең мазмұны, суреттеу тәсілі мен құрылысы жағынан дара келеді.

Абай қазақ поэзиясының тіл кестесіне, сөз қолдануына жаңа сипат дарытқан.

Бұл ауылдың «тұрғындары» сендерден: қосымша туралы не білесіңдер? — деп сұрайды. Ендеше, бүгін қосымша туралы білімімізді кеңейтеміз.

Саяхатқа шақыру

Қане, бірге бәріміз

Көзімізді жұмамыз,

Өтіп тау мен өзеннен,

Бір елге жетіп қонамыз!

Қосымша деп аталар

Бұл ел мүлде бейтаныс.

Біз білмейтін, балалар,

Қосымшаның түрі бар:

Жаңа сөздер жасайтын —

жұрнақ атты ұлы бар.

Сөз бен сөзді байланыстыратын —

жалғау атты қызы бар.

III. Жаңа сабақ

Түсіндіру: «Мынау не?» — бүркіт. Енді осы сөзге қосымша жалғап көрейік:

бүркіт + -ші

Бүркітші — бүркітпен аң аулайтын адам. Бір қосымша қосылғанда, сөздің мағынасы өзгеріп, жаңа сөз жасалды.

бүркіт + -пен

Мысалы: «Аңды бүркітпен аулайды.» Мұнда бүркітпен сөзі бастапқы мағынасынан алыстамайды; ол тек басқа сөзбен байланыс жасайды.

Ереже

Қосымша екіге бөлінеді: жұрнақ және жалғау.

  • Жұрнақ — сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз жасайтын қосымша.
  • Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.

Мысалдар

балық + -шыбалықшы

балық + -тарбалықтар

оқу + -шыоқушы

бала + -лықоқулық

кітап + -қа/-кекітапқа

(Сөзді сөйлемде байланыстыруға қызмет етеді.)

Қосымшалардың қызметі әртүрлі екенін байқадық: біреуі жаңа мағына тудырады, екіншісі байланыс жасайды.

Ахмет Байтұрсынов ауылы: жаттығу жұмыстары

Ахмет Байтұрсынов (1873–1938) — Қостанай облысында туған. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған ғалым, ақын.

Бұл ауылдың тұрғындары бізге жаттығу тапсырмасын ұсынады.

Сергіту сәті

331-жаттығу. Мақалды оқы. Жұрнақ жалғанған сөзді тап та, мағынасын түсіндір.

Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.