Кестені толтыру

Сабақ тақырыбы

Интеграл. Ньютон–Лейбниц формуласы.

Мақсаты

Оқушылардың интегралды есептеуде Ньютон–Лейбниц формуласын қолдану білігі мен дағдыларын қалыптастыру, білімдерін нақтылау.

Білімділік

Тақырыптың ғылыми негізін меңгерту, проблеманы байқау және оны шешудің жолдарын табуға үйрету.

Дамытушылық

Ойын элементтері арқылы тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыттау.

Тәрбиелік

Өз ойын еркін жеткізуге, пікір алмасуға, шығармашылыққа ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақ түрі
Бекіту сабағы
Сабақ әдісі
Сайыс сабағы

Негізгі ой

Оқу үдерісі қаншалықты шынайы әрі белсенді ұйымдастырылса, білім беру процесі соншалықты тиімді болады.

Сабақ жоспары

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    2–3 минут

  2. II

    «Кім жылдам?» — кестені толтыру

    2 минут

    Әр топқа екі кестеден беріледі.

  3. III

    «Ойлан, тап!» — карточкалармен жұмыс

    7–8 минут

    Карточкалардағы тапсырмаларды орындау. Берілген функциялардың алғашқы функциясын жазыңдар.

  4. IV

    «Қатесін табыңдар»

    5 минут

    Есептеулер мен тұжырымдардағы қателерді анықтап, түзетуді ұсыныңдар.

  5. V

    «Зерделілер сайысы» — есептер шығару

    15 минут

    Оқулықтан есептер шығарылады. Шешімдер дәптер алмастыру арқылы тексеріліп, топтар өзара бағалайды.

  6. VI

    Шығармашылық бөлім

    5–7 минут

    Тақырыпты қорытындылайтын қысқа тапсырмалар арқылы ой қорыту және қолдану дағдыларын бекіту.

  7. VII

    Үй тапсырмасы

    2 минут

  8. VIII

    Қорытынды

    2–3 минут

    Негізгі ұғымдарды қайталау, нәтижелерді жинақтау және кері байланыс алу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (2–3 минут)

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сыныпты 4–5 топқа бөлу, сабақтың мақсаты мен ойын шарттарын түсіндіру.
  • Әділқазы мүшелерін сайлау.
  • Топ атауларын таңдау (мысалы: «Функция», «Өрнек», «Интеграл», «Алгоритм» және т.б.).
  • Топтардың қысқаша таныстырылымы.

II. «Кім жылдам?» — кестені толтыру

Әр топқа екі кестеден беріледі. Мақсат — уақыт ішінде дұрыс әрі толық толтыру.

III. «Ойлан, тап!» — карточкалардағы тапсырмалар

Карточкалар бойынша жұмыс: берілген функциялардың алғашқы функциясын жазыңдар және қысқаша негіздеңдер.

IV. «Қатесін табыңдар»

Дайын шешімдерден қате қадамдарды табу, түзету және дұрыс нұсқасын ұсыну.

V. «Зерделілер сайысы» — оқулықпен жұмыс

Оқулықтан есептер шығарылады. Шешімдер дәптер алмастыру арқылы тексеріліп, топтар бірін-бірі бағалайды.