Сабақтың кезеңдерімен таныстыру

Сабақ жоспары / Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Осы шақ

Білімділік мақсаты

Оқушыларға етістіктің осы шағы туралы негізгі түсінікті меңгерту.

Дамытушылық мақсаты

Жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, қорытынды жасай білуге дағдыландыру, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты

Етістіктің шақтарын ажырата білуге үйрете отырып, сабақ мазмұны арқылы патриоттыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау

Көрнекілігі

Слайдтар топтамасы, глобус, сауалнама, тірек сызба, семантикалық карта

Сабақ барысы

I

Ұйымдастыру

Қазақ тілі — бал тілім.

Өзің барда шалқыдым.

Тіліммен бірге самалмын,

Тіліме кім тағар мін?!

Сабақ кезеңдері

  1. 1 Өткенге шолу немесе «Сөз сыры»
  2. 2 «Білгенге маржан»
  3. 3 «Ізден, тап»
  4. 4 «Не білдім? Не үйрендім?»
II

Өткенді пысықтау (1-кезең: «Өткенге шолу»)

24-жаттығу: «Біз бейбітшілікті сүйеміз» тақырыбында әңгіме құрастыру.

Сұрақтар

  • Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
  • Біз қандай мемлекетпіз?
  • Елбасымыз Жолдауында: «Біз өткенімізді ұмытпай, келешегімізді ойлауымыз керек. Бүгінімізді бағдарлап, жастарымызға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруіміз керек», — деген еді. Осы сөйлемдегі өткеніміз, келешегіміз, бүгініміз сөздері қай кезеңдерді білдіреді?
III

Жаңа сабақ: Осы шақ және оның түрлері (2-кезең: «Білгенге маржан»)

Етістіктің осы шағы қимыл мен іс-әрекеттің дәл қазір болып жатқанын білдіреді: көріп отыр, өсіп тұр.

Осы шаққа қойылатын сұрақтар

  • Не істеп отырмын? (жатырмын, тұрмын, жүрмін)
  • Не істеп отырсың? (жатырсың, тұрсың, жүрсің)
  • Не істеп отыр? (жатыр, тұр, жүр)

Мысал

Мен достарыммен Тәуелсіздік монументінің қасында тұрмын. Нақ осы шақ

Мысал

Біз, қазақ жастары, өміріміздің жақсы болатынына сенеміз. Ауыспалы осы шақ

IV

3-кезең: «Ізден, тап»

1) Көркем жазу

Мен тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмын.

2) Жатқа жазу (25-жаттығу)

Қайрат қайрақ қайрап отыр.

Қайрақпен балта қайрап отыр.

  • Етістіктердің астын сыз және оларға сұрақ қой.
  • Етістіктерді үш жақта жекеше және көпше түрде жікте.
  • Бұл етістіктер қашан болған істі білдіретінін анықта.
  • Жұппен тексеру.

3) Ойлан, тап (26-жаттығу)

  • Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап оқы.
  • Етістіктерді тап және оларға сұрақ қой.

Бұл кезеңде де білімдеріңді көрсете білдіңдер. «Іздеген жетер мұратқа» дегендей, әрқашан ізденуден шаршамаңдар.

4) Сергіту сәті

Кез келген жан-жануарды немесе табиғат құбылысын осы шақтағы қимыл-іс-әрекет арқылы бейнелеу.

5) Топтық жұмыс (27-жаттығу)

Берілген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып жаз.

I қатар

______ ______ ______ ойнап жүр.

II қатар

______ ______ ______ ______ жинап жатырмын.

III қатар

______ ______ ______ жаттап отыр.

6) Көру диктанты (28-жаттығу)

Қыс.

Қатты жел соғып тұр.

Әкем малды ыққа байлап жатыр.

Асқар оған көмектесіп жүр.

Әжем сиыр сауып отыр.

  • Сөйлем мүшелеріне талдау жаса.
  • Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелде.

7) «Кім жылдам?» (29-жаттығу)

Көк қарбызым қойған жерде биік тұр,

Сол қарбызға бүкіл әлем сиып тұр.

Тапсырма: жұмбақты оқып, шешуін тап та, етістіктің қай шақта тұрғанын айт.

8) Шығармашылық тапсырма

«Глобус дегеніміз...»

Глобус — Жердің дәл үлгісі, яғни Жердің барынша кішірейтіліп жасалған нұсқасы. «Глобус» сөзі латын тілінен аударғанда «шар» деген мағынаны білдіреді. Глобуста Жер шары ондаған миллион есе кішірейтіліп беріледі. Глобус XV ғасырдан бастап жасала бастады.

4-кезең: «Не білдім? Не үйрендім?»

  • Осы шақтың мағынасы мен сұрақтарын қайталау.
  • Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақты мысал арқылы ажырату.
  • Жаттығулар арқылы алған білімді бекіту.