Құтты болсын, Елбасының мерекесі
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы
«Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі: Сейдашева Жанар Атырханқызы
Мерекелік ертеңгілік сценарийі: «Елін сүйген, Елбасы»
Кіріспе көрініс
Әуен ойналып, Көк Ту естіліп тұрады. Көңілді әуенмен балалар ән-күй залына кіреді.
Сахналық нұсқау
(Ту ұстаған балалар залдың екі жағымен жүріп өтіп, қимылдар жасап, сахнаға барып тұрады.)
Тәрбиешінің құттықтау сөзі
Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тарихи дерек
1991 жылғы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.
Мемлекет басқару ісі — машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел — ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Ендеше, Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын!
Құттықтау шумақтары
Құтты болсын, Елбасының мерекесі!
Құтты болсын, қазағымның берекесі!
Бұл қазақты бар әлемге танытқан,
Нұрсұлтан аға — бар қазақтың егесі!
Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей берсін!
Музыкалық бөлім
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Өлеңдер бөлімі
Құрметті көрермендер, мерекемізді балалардың өлең шумақтарымен жалғастырамыз. Ортаға Нұрасыл, Темірлан, Ерасыл, Мейірлан, Нұрдәулет, Арнат шығады.
Көпшілікке сәлем
Бар әлемге шын танылдық, міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Елбасын құрметтейміз ерекше,
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Нұрасыл
Президентім жасасын,
Осы еді бала тілегім.
Желтоқсанмен жаңарып,
Келді күткен күн бүгін!
Темірлан
Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз,
Халқымызға пана болған данамыз.
Әрқашанда мақтан етіп жүреміз,
Жазық маңдай, кең пейілді данамыз.
Ерасыл
Әнге толсын барлық қала, ауылдар,
Қағылсын барабандар, дабылдар.
Еліміздің туған күнін ардақтау —
Бәріміздің борышымыз, бауырлар.
Мейірлан
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Нұрдәулет
Елімде бейбіт, тыныш заман болсын,
Тілеймін, әр адамға бақыт қонсын.
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Арнат
Ән: «Қазақстан»
Ойын: «Бәйтерек»
Мақсаты
Бірлікке, ептілікке және шапшаңдыққа баулу.
Шарты
- Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлініп, екі шеңбер жасайды.
- Шеңбердің ортасына шар қойылады.
- Әуен ырғағымен балалар би қимылдарын жасап, шарды айнала жүреді.
- Әуен тоқтағанда бір бала шарды жылдам алып, жоғары көтеріп тұрады.
- Қалған балалар «Бәйтерек» бейнесін жасайды.
Ана тілі — елдің басты белгісі
Егеменді елдің басты белгісі — тілі. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, біздің ана тіліміз.
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге сырлы ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй…»— Абай
Ән
«Ана тілін сүйеміз» — орындайтындар: Аяжан, Ж. Ақерке.
Би нөмірі
«Өнерлі өрге жүзер» — деп, қыздарымыздың орындауындағы биді назарларыңызға ұсынамыз.
Қойылым
Қазақша би.
Сұрақ-жауап: «Отан деген не?»
Балалардың жауаптары
- Балалар: Отан — туған жер.
- Отан — менің қалам.
- Отан — өз елім!
- Мағжан: Отан — балабақшам.
- Фариза: Отан — отбасым.
- Карина: Отан — атам, әжем, әкем, анам!
Тәрбиешінің түйіні
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз кішкентай кезімізден Отанды сүюге үйренеміз. Отанға деген сүйіспеншілік өз ортамыздан басталады. Сендер ер жеткенде елімізді қорғайтын азамат боласыңдар.
Ән
«Менің Отаным»
Отан туралы тақпақтар
Ортаға Ақерке, Нұрбек, Шапағат шығады.
Ақерке
Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен бабамыз бен атамыз.
Нұрбек
Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күшін сүйем.
Отан! Отан! Отан!
Бәрінен де биік маған!
Шапағат
Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалады шапағы.
Байтақ елім — Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны.
Ойын: «Көңілді қамшы»
Формат
Музыкамен бірге жүргізілетін сергіту ойыны.
Шарты
- Балалар шеңбер жасап тұрады.
- Әдемі әуенмен қамшы қолдан-қолға беріледі.
- Әуен тоқтағанда, қамшы кімнің қолында қалса, сол бала ортаға шығып билейді.
Астана туралы бөлім
Астанам — бағы биік асқарымсың,
Астанам — мәңгі жарық аспанымсың.
Астанам — пейіш қалам, ел арманы,
Астанам — қайда жүрсем мақтанышым.
Астана — тәуелсіз елдің жүрегі, татулық пен бірліктің ордасы. Қаланың сұлу келбеті әлемді таң қалдырады. Енді балалардың орындауындағы әдемі әнді қабыл алыңыздар.
Ән
«Астана»
Астана туралы тақпақтар
Ортаға Аяжан мен Ақерке шығады.
Аяжан
Елордам менің — Астанам,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қалам.
Ж. Ақерке
Дараланып әлемнің картасында,
Сары бел, Сарыарқаның ортасында.
Астана ертегідей ғажаптанды,
Кемеңгер Нұр ағаның арқасында.
Ән
«Біз бақытты балдырған»
Қорытынды
Осымен, құрметті қонақтар мен балалар, Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!