Әліппенің атасы кім

Тақырыбы: «Топ жарған – 2014»

Бұл сайыстың мақсаты — оқушыларды озық ойлы, білімді, жан-жақты болуға тәрбиелеу, ұқыптылық пен зеректікті дамыту.

Түрі

Сайыс

Қатысушылар

2-сынып оқушылары

Көрнекіліктер

Үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта

Негізгі құндылықтар

Ұқыптылық, зеректік, жылдамдық

Құттықтау сөз

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Бүгінгі сайысымызға ғылымның сырын ұғынып, білім шыңына шығамын деген, ұқыптылық пен зеректікті өзіне серік еткен оқушыларым қатысады. Баршаңызға сайыс жолында сәт сапар тілеймін!

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік —
Серігің болсын бойыңда.
Қадамдарың оң болсын,
Сәт сапар, сайыс жолында!

Топтар мен кезеңдер

I топ

iPhone тобы

II топ

Wi‑Fi тобы

III топ

Galaxy тобы

Сайыс кезеңдері

  1. 1 Кім көп біледі?
  2. 2 Мюнстерберг әдістемесі
  3. 3 Білім — ақиқат бастауы
  4. 4 Талантыңмен таныл
  5. 5 Ұшқыр ой

I кезең: «Кім көп біледі?»

Шарты: әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Жауапты мүмкіндігінше тез беру қажет. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

I топ: iPhone

  1. «Кел, балалар оқылық!» өлеңінің авторы кім?

    Жауабы: Ы. Алтынсарин

  2. Күйді орындайтын адам қалай аталады?

    Жауабы: Күйші

  3. Бір жылда неше ай бар?

    Жауабы: 12 ай

  4. Ұя салмайтын құс.

    Жауабы: Көкек

  5. 16 желтоқсан қандай күн?

    Жауабы: ҚР Тәуелсіздік күні

  6. Әліппенің атасы кім?

    Жауабы: А. Байтұрсынов

  7. Абайдың анасының аты кім?

    Жауабы: Ұлжан

  8. Тірі табиғатқа нелер жатады?

    Жауабы: Адам, өсімдік, жануар

  9. 25 + 15 қосындысы нешеге тең?

    Жауабы: 40

  10. «Балалар» сөзін орысша және ағылшынша қалай айтамыз?

    Жауабы: Ребята, children

II топ: Wi‑Fi

  1. Ауаның негізгі қасиеті қандай?

    Жауабы: Көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз

  2. «Қоян» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

    Жауабы: (тапсырма)

  3. Биыл қандай жыл?

    Жауабы: Жылқы

  4. Абайдың шын аты қандай?

    Жауабы: Ибраһим

  5. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?

    Жауабы: Тұсбағдар

  6. 30 + 25 қосындысы нешеге тең?

    Жауабы: 55

  7. «Сау болыңыз» орысша және ағылшынша қалай айтылады?

    Жауабы: До свидания

  8. Бір жылда қанша күн бар?

    Жауабы: 365–366 күн

  9. Жуан дауысты дыбыстарды ата.

    Жауабы: а, о, ы, ұ

  10. Тұңғыш Президент күні қай күн?

    Жауабы: 1 желтоқсан

III топ: Galaxy

  1. Атақты суретші кім?

    Жауабы: Әбілхан Қастеев

  2. Сөйлем дегеніміз не?

    Жауабы: Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

  3. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

    Жауабы: Нүкте

  4. «Кітап» сөзін орысша және ағылшынша қалай айтамыз?

    Жауабы: Книга, book

  5. 85 − 60 айырмасы қаншаға тең?

    Жауабы: 25

  6. Өлі табиғатқа нелер жатады?

    Жауабы: Құм, тас, су, ауа, т.б.

  7. Мәтін дегеніміз не? Түрлерін ата.

    Жауабы: (тапсырма)

  8. 1 сағатта неше минут бар?

    Жауабы: 60

  9. Сұлба дегеніміз не?

    Жауабы: Бір заттың үстінен қарағандағы көрінісі.

  10. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

    Жауабы: мм, см, дм, м, км

  11. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтінінде «өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке» ненің мекені?

    Жауабы: Құрбақаның

II кезең: Мюнстерберг әдістемесі

Мақсаты: зейіннің таңдамалылығын анықтау.

Нұсқау

  • Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер жасырылған.
  • Міндет: тез оқи отырып, табылған сөздердің астын сызу.
  • Жұмыс уақыты: 2 минут.
  • Бағалау: табылған сөздердің саны, байқалмай қалған сөздер және қате бойынша жүргізіледі.

Жаттығу мәтіні

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптер

Рахмет! Сіздер жылдамдықтарыңызды және сөздерді таба білу дағдыларыңызды көрсете алдыңыздар.

Талқылау: ең көп сөз тапқан қай топ болды?

III кезең: «Білім — ақиқат бастауы»

Тапсырма: әңгіменің ішіндегі қажетті сөздерді суреттер арқылы көрсету.

I топ тапсырмасы: «Қыс»

Әңгіме

Қыс келді. Күн суытты. Далаға аппақ қар жауды.

Балалар шанамен ойнады. Қардан аққала жасады.

Аққаланың басына шелек кигізді. Қолына күрек пен сыпырғыш ұстатты. Мұрнын сәбізден жасады.

Қыс мезгілі балаларға өте қызықты болды.