Жаңа сөздердің оқылуы және аудармаларымен таныстыру

Қысқа мерзімді жоспар (Ағылшын тілі, 5-сынып)

Тақырып

My name is Omar

ҚТЕ: «Мен таныстыру»

Сабақтың мақсаты

  • Жаңа сөздердің оқылуымен және аудармасымен таныстыру.
  • Сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.
  • Ауызша айтылған ақпаратты қатесіз жазуға үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар жаңа сөздердің оқылуы мен аудармасын біледі, сұрақтарға жауап береді және ауызша айтқанын қатесіз жаза алады.

Белсенді оқыту әдістері мен модульдер

  1. Бихевиористикалық тәсіл.
  2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
  3. «Миға шабуыл», «Ыстық орындық» (сыни тұрғыдан ойлау).
  4. «Сұрақ–жауап» (оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер).
  5. Бағалау (оқыту үшін және оқу үшін бағалау).

Сабақтың барысы

1) Қызығушылықты ояту

Әдіс: «Миға шабуыл»

Сабақ тақырыбына шығаратын қысқа сұрақтар арқылы оқушылардың бастапқы білімін белсендіру.

Тренинг

Мақсаты: топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

2) Ұйымдастыру кезеңі

  • Мұғалім аудиториямен амандасады, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
  • Оқушыларды смайликтер арқылы жұпқа бөледі.
  • Сабақ басталмас бұрын сынып ережесін оқушылармен бірлесіп құрады.

3) Жаңа сабақ: «Мен таныстыру»

Тақырыпты ашу

  • Сабақ тақырыбын таныстырады, дәптерге жаздырады.
  • «Сұрақ–жауап» арқылы тақырыптың мазмұнын ашады.

Жаңа сөздер

Мақсаты: оқылуын, жазылуын және аудармасын меңгерту.

hello name my your what and

Әріптермен жұмыс

A, B, C, D, E әріптерімен таныстыру.

  • Әріптердің оқылуын үйрету.
  • Қай жағдайда қандай дыбыс беретінін түсіндіру.

4) Жұптық жұмыс

Мақсаты: бір-біріне түсіндіру арқылы тақырыпты терең түсіну.

Тапсырма

Оқулық, 18-бет: диалогты рөлге бөліп оқу және аудару.

Қосымша

Жаңа сөздерді пайдаланып қысқа диалог құрастыру.

5) Кітаппен жұмыс

Мақсаты: алынған білімді толықтыру және бекіту.

Тапсырма

18-бет: диалогты оқу, аудару, қажетті сөздерді қойып толықтыру.

Қайталау

Жаңа сөздерді хормен және жеке-жеке қайталау.

Рефлексия және бағалау

Рефлексия: «Ыстық орындық»

  • Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
  • Тақырып бойынша өз ойын қысқа әрі нақты жеткізеді.

Бағалау

  • Смайликтер арқылы өзара бағалау.
  • Оқушы не үшін дәл сол бағаны қойғанын қысқаша түсіндіреді.

Үй тапсырмасы

Негізгі

Ex. 9, 19-бет: My name is Omar

ҚТЕ: «Мен таныстыру» тақырыбын қайталау.

Қосымша материалдар

  • A day in my life
  • When is your birthday?
  • What’s your address?
  • I am Colin’s sister

Қосымша материалдар

  • What is your mother like?
  • My parents
  • This is my friend
  • Can you play the guitar?
  • Living plants