Мұқағали МақатаевҒабит МүсіреповкеҒабеке, Анда - санда сізді көрем, Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем, Еліктеп өзіңізге есім кетіп, Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең

Мұқағали Мақатаев

Ғабит Мүсіреповке
Ғабеке,
Анда - санда сізді көрем,
Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем,
Еліктеп өзіңізге есім кетіп,
Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең.
Мейіріммен қарайтын Сізді көрем,
Басқалар үміттерін үзді менен.
Зәһәрмен жібітем деп қу таңдайды,
Сеземін өзін - өзі жұрт алдайды.
Жібітсем кейде мен де қу таңдайды,
Басымнан Алатаудың бұлты аунайды,
Біреулер келекелеп, жыртаңдайды,
Түбінде құртса мені, құртар қайғы,
Алайда жырларымды жырта алмайды!!!
Менен де үміт күтіп туған елім!
Мен - дағы үмітпенен туған едім.
Mac болғап өлеңіне бір жан едім.
Ғабеке!
Айтсаңызшы мыналарға,
Мен кімнің қазынасын ұрлап едім?

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Мақағали шығармалары мен аудармалары
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ЖАТ ҚОЛЫНДА РОМАНЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
Өлеңге орын табам
Ғали Орманов
Қазіргі қазақ поэзиясының даму барысы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
Жаңа үлгідегі Корей поэзиясының дамуы
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
ДОМАЛАҚ АНА
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету