Өнеге үйреткенің болар ләзім, Басымды бала болсын кішкентайдан

Мақсаты

Бала тәрбиесіндегі отбасының, соның ішінде әкенің рөлін айқын көрсете отырып, жас ұрпақтың өз елін сүюге, халқымыздың салт-дәстүрін үйренуге, өз отбасында тең құқылы мүше ретінде сезінуге және рухани жан дүниесін байытуға деген қызығушылығын арттыру.

Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты жүйелі жолға қою мақсатында, отбасындағы әкенің рөлі мен өнегесін, шеберлігін және өнерін өскелең жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Міндеттері

  • Ата-ана мен бала арасындағы бір-біріне деген сүйіспеншілікті арттыру.
  • Мектеп пен ата-ана байланысын нығайту.
  • Отбасындағы әкенің рөлінің маңызын айқындау.

Күтілетін нәтиже

Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Мектеп, ата-ана, оқушы — осы «Үштік одақтың» әрқашан тығыз байланыста болуы және өзара қарым-қатынасты арттыру.

Өткізілу барысы

Ашылуы

Спорттық би. Орындаушылар: 11-сынып қыздары.

1-жүргізуші

Қайырлы күн, халайық, бәріңізге,

Сәлем бердік үлкен-кіші, кәріңізге.

«Әкем және мен» деп аталатын,

Қош келіпсіз бүгінгі кешімізге.

Жиналған, уа, халайық, армысыздар,

Ата-ана, ұстаздарым, бармысыздар?

Кешімізге бүгін келгендеріңіз үшін,

Айтар сіздерге алғысым бар!

2-жүргізуші

Келіңіздер, кең ойлы жандар, кеңесейік.

Кеңесуден кемдік көрген емес едік.

Тартысты да қызықты етіп өткізуге,

Отырған мына біздер тілекшіміз.

Қатысушыларға таныстыру

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірлі көрермендер! Бүгін 5–7-сынып оқушылары мен әкелері арасында өтетін «Әкем және мен» сайысына қош келдіңіздер.

Тәрбиелік ой

Қуат-күш бойға тарап бүршік жарған, Жапырақ жарып шығар еккен талдан. Суарып мезгілінде тұрсақ баптап, Болады зәулім шынар ол жайқалған.

Адамзат өмірі де сол тәрізді, Табиғат салыстырып оны қойған. Өнеге үйрету — әрдайым қажет, Бала кезден-ақ жол көрсеткен жөн.

«Ұядан нені көрсе, соны іледі» — айтылар ұлағат сөз бекер емес. Ағаштай баптамасақ, қисық кетер, ондайдан ізеттілік қайдан болсын? Бүгінгі «Әкем және мен» сайысынан әр көрермен тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады деп сенеміз.