Өлеңдер шығара білуі
Түсінік хат
Бұл құрал жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналған «Әдебиет әлеміне саяхат» пәні бойынша 2-сыныптың таңдамалы курс бағдарламасы. Курс көркем әдебиет арқылы оқушылардың рухани дүниесін байытып, қазақтың кемеңгері Абайдың, сондай-ақ басқа да ақын-жазушылардың шығармаларын өз бетінше оқуға және ізденуге бағыттайды.
Негізгі бағыт
Оқушының оқу мәдениетін қалыптастыру, тілді дамыту, ой-өрісін кеңейту және көркем мәтіннің мазмұнын ашып, мәнін түсіндіру.
Оқыту тәсілі
Шығармашылық тапсырмалар арқылы білім, білік, дағды және іскерлікті қалыптастыру; оқушыны өз ойын ауызша және жазбаша жеткізуге үйрету.
Курстың өзектілігі
Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ақын-жазушылар мұрасын тануға және бағалауға жетелеу. Әдеби мәтінмен жүйелі жұмыс жасау арқылы оқушының сөздік қоры, сөйлеу мәдениеті және эстетикалық талғамы дамиды.
Бағдарламаның оқу мазмұны
- Абайдың табиғат лирикасы, өнер-білім тақырыбындағы өлеңдері
- Қара сөздері
- Аудармалары
Мақсаты
Оқушыларды Абай әлемімен таныстыру, ақын-жазушылар шығармаларымен сусындату және әдеби қазынаны дәріптеу арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері
- Лирикалық шығармаларды образға салып, көркем қабылдай білу.
- Оқығаннан алған әсерін шығармашылық тұрғыда ауызша және жазбаша жеткізе білу.
- Оқушыларды зерттеу-ізденіс жұмысына баулу.
Оқушылардың даярлығына қойылатын талаптар
- Шығарманы талдай білу.
- Қарапайым өлең шығара білу.
- Өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқи білу.
- Әдеби жанрға сай дауыс ырғағын сақтап оқу және талдау.
- Әдеби тілдің бейнелегіш-көркемдік ерекшеліктерін орынды қолдана білу.
Күтілетін нәтиже
Әр автордың шығармаларын оқу арқылы сөйлеу әдебін меңгерген, ойы терең, рухани дүниетанымы бай, адамгершілігі жоғары, шығармашылықпен айналыса алатын тұлға қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс
- Әліппе
- Ана тілі
- Дүниетану
Сабақты өткізу формалары
- Пікірталас
- Ой қозғау
- Сұхбаттасу
Тақырыптық жоспар
Жалпы оқу жүктемесі
Бағдарламаға 34 сағат бөлінген.
Аптасына
1 сағат
Бағдарлама туралы деректер
Бағдарламаны дайындаған
Ерғазиева Әсия, №62 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Сараптама жасаған
№62 орта мектебінің сараптама кеңесі және аудандық білім бөлімі.