Ауырлық күші
Сабақ тақырыбы: Қысым (7-сынып)
Сабақтың мақсаты
- Қысым ұғымын түсіну.
- Қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтау.
- Қысымды есептеуді үйрену.
- Қысымның өлшем бірлігімен танысу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар қысым туралы толық мәлімет алады: анықтамасын, формуласын және өлшем бірліктерін меңгереді.
Сабақтың әдістері
Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс.
Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларымен амандасу.
Смайликтер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
Психологиялық жағымды орта қалыптастыру және ынтымақтастық қарым-қатынасқа бағыттау.
Білу: Үй тапсырмасын тексеру (тест)
-
Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама қалай аталады?
- A) Масса
- B) Тығыздық
- C) Күш
-
Гук заңының формуласы қандай?
- A) F = mg
- B) F = kx
- C) F = μN
-
Күшті өлшейтін құрал қалай аталады?
- A) Мензурка
- B) Спидометр
- C) Динамометр
-
Күш ұғымын жүйелеп, заңдарын тұжырымдаған ғалым кім?
- A) Г. Галилей
- B) И. Ньютон
- C) Р. Броун
-
Денелердің Жерге тартылу күші қалай аталады?
- A) Ауырлық күші
- B) Серпімділік күші
- C) Үйкеліс күші
-
Дененің салмағы қандай шама?
- A) Скаляр шама
- B) Векторлық шама
- C) Физикалық шама
-
Ауырлық күшінің формуласы қандай?
- A) F = mg
- B) F = kx
- C) F = μN
-
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қандай күш пайда болады?
- A) Ауырлық күші
- B) Серпімділік күші
- C) Үйкеліс күші
-
g тұрақты шамасының сан мәні неге тең?
- A) 9,2 Н/кг
- B) 9,5 Н/кг
- C) 9,8 Н/кг
-
Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы қалай аталады?
- A) Бүкіләлемдік тартылыс заңы
- B) Күш
- C) Жылдамдық
Жауап кілті
Түсіну және қолдану: топтық жұмыс
Постер қорғау
Оқушылар қысымның мәнін, формуласының мағынасын және өмірмен байланысын постер арқылы түсіндіреді.
Кітаппен жұмыс
15-жаттығу есептері орындалады және нәтижелер талқыланады.
15-жаттығу есептері
№1
Ауданы S = 0,01 м² болатын бетке F = 50 Н күш әсер етеді. Қысымды P анықтаңдар.
№2
Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы F = 780 Н. Әр шаңғының ұзындығы a = 1,95 м, ені b = 0,06 м. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын P табыңдар.
№3
Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы m = 6610 кг, ал екі шынжыр табанының тіреу ауданы S = 1,4 м². Трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын P анықтаңдар.
Есептердің жауаптары
№1
P = F / S
P = 50 / 0,01 = 5000 Па
5000 Па = 5·103 Па = 5 кПа
№2
S = 2ab
S = 2·1,95·0,06 = 0,234 м²
P = F / S
P = 780 / 0,234 ≈ 3333,3 Па
№3
F = mg
F = 6610·10 = 66100 Н
P = F / S
P = 66100 / 1,4 ≈ 47214 Па
Ескерту: №3 есепте нәтиже кПа-мен берілсе, шамамен 47,2 кПа болады.