Болымды етістікті көрсет
Сабақтың барысы
Бұл сабақ Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан сабақ ерекше форматта — той түрінде өтеді. Мақсат — оқушылардың қызығушылығын оятып, етістік тақырыбы бойынша білімдерін ойын элементтері арқылы бекіту.
1-топ
Алғырлар
2-топ
Озаттар
3-топ
Білімділер
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«Бүгінгі сабағымыз Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Сабақ той түрінде өтеді».
2) Қызығушылықты ояту
Наурыз туралы әңгіме
- Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
- Биылғы Наурыз мерекесінің ерекшелігі неде?
- Қандай қазақтың салт-дәстүрін білесіңдер?
«Той» ұғымын ашу
- Етістік елінде Наурыз тойы тойланбақ.
- Той деген не? Ақ дастарқанда той иесіне ақ тілек айту.
- Тойға кімдер барады? Қонақтар.
- Қонақ түрлері: арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ.
3) Той-сабақтың ойын тапсырмалары
Әр бөлім ұлттық ойындар мен дәстүр элементтері арқылы ұйымдастырылады. Оқушылар тапсырмаларды топпен орындап, тілдік білімдерін тәжірибеде қолданады.
Ән шашу
«Наурыз айы туғанда» әнімен сабақтың көңіл күйін көтеру.
Бәйге
Тірек сигналдары арқылы сөйлем құрастыру.
Күш сынасу
Топтық жұмыс: «Қаз бен тырна» мәтінін аяқтау.
Қыз қуу
Тұрақты тіркестерді бір сөзбен түсіндіру, мағынасын ажырату.
- Екі аяғында дамыл болмады — демалмады.
- Таң атқанша көз ілмеді — ұйықтамады.
- Аузы бір жабылмады — сөйлей берді.
- Жұмған аузын ашпау — үндемеу.
- Төбесі көкке жетті — қуанды.
- Қол ұшын берді — көмектесті.
- Жүрегі алып ұшты — қобалжыды.
- Жүрегі қарс айрылды — қайғырды.
- Жермен жексен етті — талқандады.
- Бармағын тістеді — өкінді.
4) «Киіз үй таңдау» тапсырмалары
Оқушылар киіз үй түсін таңдап, сәйкес грамматикалық тапсырманы орындайды.
Қызыл үй
Жұрнақ жалғау тапсырмасы.
Көк үй
Сәйкестік тестін орындау.
Жасыл үй
Етістікті түрлендіру.
5) Наурыз көже: «7 түрлі тағам» қағидасы
Наурыз көже дәстүріне сүйене отырып, тапсырмалар 7 түрлі «кәмпитке» бөлінеді. Әр кәмпит — жеке тапсырма.
Көкпар ойыны
Етістік, етіс, есімше тақырыптары бойынша білімді жинақтау және бекіту.
6) Айтыс: «Кубизм» әдісі
Оқушылар тапсырмаларды әр қырынан талдап, етістік туралы білімдерін жүйелейді.
1. Баянда
Етістіктің ережесін айту.
2. Қолдан
Етістіктен сөйлем құрастыру.
3. Салыстыр
Есімше мен көсемшені салыстыру.
4. Топтастыр
Етістіктің түрлерін топтастыру.
5. Байланыстыр
Өткен сөз табымен байланыстыру.
6. Түрлендір
Етістікті тәуелдеу, жіктеу, септеу.
7) Ой толғау
Келген қонақтардың ішінде сөзге шешен, әңгімешіл қонақтар да бар. Енді топ басшылары тақырып бойынша ой толғайды.
1-топ
Туған жер
2-топ
Ауылым менің
3-топ
Ана тілім — ардағым
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, сабақ та аяқталуға жақын.
8) Бата және сабақтың қорытындысы
Бата
(Бата беріледі.)
Кәде
Қонаққа шақырылған соң, кәдесіз бармайды. Біздің кәдёміз — білім.
9) Ой қозғау: тест тапсырмалары
Оқушылар тест сұрақтарына жауап беріп, өткен материалды сұрақ-жауап арқылы бекітеді.
-
1. Қазақ тілінде сөз табы қанша?
а) 8, ә) 9
-
2. Сапасын, сынын, дәмін білдіретін сөз табы:
а) Сын есім, ә) Сан есім
-
3. «Ақ қағаз» тіркесіндегі «ақ» — сын есімнің қай түрі?
а) Сапалық, ә) Қатыстық
-
4. Зат есімнің сұрағы:
а) Кім? Не? ә) Не істеді? Қатты?
-
5. Жалпы және жалқы есімдер қай сөз табына жатады?
а) Зат есім, ә) Сан есім
-
6. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы:
а) Үстеу, ә) Етістік
-
7. Есімдік қай сөз табының орнын басады?
а) Үстеудің, ә) Есім сөздердің
-
8. Болымды етістікті көрсет:
а) оқымай отыр, ә) оқып отыр
-
9. Табыс септігін талап ететін етістік:
а) сабақты, ә) салт
-
10. Тұйық етістіктің жұрнағы:
а) -и, ә) -у
-
11. Көсемшенің жұрнағын көрсет:
а) -а/-е/-й, ә) -мақ/-мек, -пақ/-пек, -бақ/-бек
-
12. Қатыстық сын есімді көрсет:
а) қызыл алма, ә) өнерлі бала
Қорытынды
Сабақ сұрақ-жауап арқылы бекітіледі. Жеңген топ марапатталады.