Елтаңбаның архитекторлар кім
Әдеби композиция
4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — балалардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу және нағыз Отан патриоты болуға тәрбиелеу.
Мақсаты
- Туған жерге, халыққа сүйіспеншілік сезімін күшейту.
- Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
- Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекіліктер
- «4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні» фотокөрмесі.
- Мемлекеттік рәміздер туралы презентация.
- Компьютерде басылған карточкалар: тапсырмалар мен суреттер.
Шараның барысы
Басталуы
Шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Егемен еліміз әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді.
Презентация
Балалар презентация арқылы мемлекеттік рәміздермен танысады (презентациямен жұмыс).
Сайыстар
1-сайыс: Сұрақ-жауап (мемлекеттік рәміздер туралы)
Жүргізуші командаларға сұрақтар қояды.
-
Қазақстанның туында не бейнеленген?
Қыран құс, ұлттық ою-өрнек, күн.
Что изображено на казахстанском флаге? Орел, орнамент, солнце.
-
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы нені білдіреді?
Шаңырақ, қанатты тұлпарлар, уықтар және бесжұлдыз.
Что представляет из себя герб Республики Казахстан? Шанырак, тулпары, уык, пятиконечная звезда.
-
Елтаңбаның авторлары кім?
Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Авторы герба: Шота Аулиханов, Жандарбек Малибеков.
-
Елтаңбада қандай түстер басым және олардың мәні қандай?
Көгілдір және сары. Сары түс — молшылық пен байлықты, көгілдір түс — аспанның кеңдігін, тыныштық пен игілікті білдіреді.
Какие цвета преобладают в гербе и что они означают? Голубой и желтый: желтый — достаток, богатство; голубой — небо, покой, благополучие.
-
Қазақстан Республикасының Әнұраны мәтінінің авторлары кім?
Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
Назовите авторов текста Гимна: Н. Назарбаев, Ж. Нажимеденов.
Музыкалық нөмір
Ән (1-отряд).
2-сайыс: Қазақ тілі (аударма)
Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз. Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай. Уақыт: 3 минут.
Музыкалық үзіліс
«Қара жорға» биі (3-отряд «Торнадо»).
3-сайыс: «Суретті жина»
Әр топтан бес бала шығып, белгі бойынша суретті құрастырады және қазақ тілінде оның атауын айтады.
Музыкалық үзіліс
Өнер көрсету (2-отряд).
1-отряд
- Қазақстанның туы көгілдір.
- Мен Лисаков қаласында тұрамын.
- Қазақстанның Елбасы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
2-отряд
- Қазақстанның рәміздері — Елтаңба, Әнұран, Ту.
- Мен №6 орта мектепте оқимын.
- Қазақстан — менің Отаным.
3-отряд
- Қазақстанның елордасы — Астана.
- Қазақстанның табиғаты өте бай.
- Мен қазақ, ағылшын және орыс тілдерін білемін.
4-отряд
- Жазда күн ыстық болады.
- Мен үшінші сыныпта оқимын.
- Қазақстанда көптеген өзендер мен көлдер бар.
5-отряд
- Балалар жазда өзенде шомылады.
- Қазақ тілі — мемлекеттік тіл.
- Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
Музыкалық үзіліс
Өнер көрсету (4-отряд).
4-сайыс: «Мен — актермін»
Әр топтан ең дарынды оқушы ортаға шығып, Қазақстан туралы тақпақ оқиды.
1-топ — «Отан»
Отан — сенің ата-анаң, Отан — досың, бауырың. Отан — үлкен астанаң, Отан — аудан, ауылың. Отан — тарих, Отан — тіл, Жасаған елің, өз халқың. Отан — өлкең, Отан — жыр, Көтерген көпке ел даңқын.
4-топ — мақал
Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы. Туған жердің жуасы да тәтті.
5-топ — «Отан»
Отан — жерім, Отан — суым, Отан — қуат, нәр береді. Отан — ұран, Отан — туым, Отан мәңгі гүлденеді.
Қорытынды
Шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің мәнін тереңірек түсініп, Отанға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін нығайтты.
Жауапты мұғалім: Сатубалдина К. Д.
4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні