Қансонарда өлеңін талдау

Әдебиет 7-сынып Аралас сабақ

Сабақ тақырыбы: «Қансонарда» өлеңін талдау

Автор және мектеп туралы мәлімет

  • Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті №80 мектеп-гимназиясының I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Файзуллаева Құралай Жүрекбайқызы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік
  • Абайдың өмірге келген кезеңі мен өскен ортасы туралы түсінік қалыптастыру.
  • Өлеңнің тақырыбы мен мазмұнын ашу.
  • Өлеңге теориялық және тілдік талдау жасау.
Дамытушылық
  • Аңшылық, саятшылық және өлең мазмұны бойынша білім аясын кеңейту.
  • Әдебиет теориясынан білімін дамыту.
  • Композиция ұғымын меңгерту.
Тәрбиелік
  • Өлеңді зейін қойып тыңдауға және өзгенің пікірін құрметтеуге үйрету.
  • Шапшаңдық пен жинақылыққа баулу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Топтау, кубизм, талдау, сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекіліктер

Сюжетті суреттер, сызбалар, кітап көрмесі.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

1–2 минут
  • Оқушылармен амандасу.
  • Түгендеу.
  • Назарын сабаққа аудару.

2) Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасы сыныпты үш топқа бөліп, әрқайсысына жеке бағытта берілді:

I топ — «Суреткерлер»
Тапсырма

Өлең мазмұнына сай сурет салып келу.

II топ — «Әдебиетшілер»
Тапсырма

Өлеңді жаттау.

III топ — «Әдебиет зерттеушілері»
Тапсырма

Аңшылық, саятшылық туралы зерттеу жасау.

3) Мағынаны тану

  • а) Мұғалім сөзі.
  • ә) Өлеңнің мазмұнын талдау.
Р/с Суреттеу жоспары Қойылатын сұрақтар
1 Қансонарда аңға шыққан бүркітші.
  • а) «Қансонар» деген не?
  • ә) Бүркітшіге не ғанибет? Киімі қандай?
  • б) «Із салу», «қағушы» дегеніміз не?
2 Бүркіт пен түлкінің бір-бірін көруі.
  • а) «Томаға» деген не? Бүркіт қалай самғады?
  • ә) Бүркітті көрген түлкі не істеді?
  • б) «Түлкінің қырық пышағы» нені білдіреді?
3 Көк тағысы мен жер тағысының адам үшін қызыл қанға батысуы.
  • а) «Сегіз найза», «қыран паң», «батыр» деген сөздер нені білдіреді?
  • ә) Бүркіт түлкіге қалай түсті?
  • б) Ақын бұл жекпе-жекті неге теңейді?
  • в) «Көк тағысы», «жер тағысы» дегеніміз не?
4 Түлкі алған бүркіттің қар үстіндегі суреті.
  • а) «Ақ», «қара», «қызыл» сөздерінің астарында қандай ұғым бар?
5 Құс пен иесінің қораздануы.
  • а) Құс неге және кімге қоразданады?
  • ә) «Үйірімен үш тоғыз» деудің мәні неде?
6 Ақынның аңшылық жайындағы ойлары.
  • а) Аңшылардың сүйіп айтатын әңгімесі қандай?
  • ә) Ақын кімдерге, не үшін мін тағады?

Кубизм стратегиясы

  • I. Өлеңге теориялық талдау.
  • II. Композициялық талдау.
  • III. Тіліне талдау.

Композициялық талдау (үлгі)

Р/с Композиция Дәлелдер
1 Сюжеттің басталуы Оқушы жауабы (өлең жолдарымен негіздеу).
2 Оқиғалардың байланысы Оқушы жауабы (үзінділермен дәлелдеу).
3 Оқиғаның шарықтау шегі Оқушы жауабы (көркемдік тәсілдерді көрсету).
4 Оқиғаның шешімі Оқушы жауабы (қорытынды оймен тұжырымдау).

Тілдік талдау (бағыттар)

Поэзиялық бейнелі сөздер
  • Метафора
  • Теңеу
  • Эпитет
  • Шендестіру
Халық мақал-мәтелдері

Өлең мәтінінен немесе тақырыппен сабақтас үлгілер келтіру.

Кірме сөздер

Өлеңнен немесе әдеби қолданыстан мысалдар тауып, мағынасын түсіндіру.

Топтық жұмыстар

«Әдебиет зерттеушілері»
  1. Абайдың туған жылы мен өскен ортасы туралы мәлімет дайындау.
  2. «Қансонарда» сияқты суреттеу, сипаттау үлгісінде жазылған өзге өлеңдерін атау.
«Жас әдебиетшілер»

Абай ізімен өлең шығару немесе өз өлеңдерін мәнерлеп оқу.

«Суреткерлер»

«Өлеңнен мен не ұқтым?» тақырыбында әңгімелеу немесе шағын эссе жазу.

4) Мағынаны ажырату

Дәптермен жұмыс: талдау нәтижелерін дәптерге жаздыру.

«5 жолды өлең» стратегиясы (үлгі)

1-жол: Бүркіт

2-жол: Тырнақты, күшті

3-жол: Аулайды, баптайды, шүйлігеді

4-жол: Бүркіт — аңшының қасиетті құсы

5-жол: Қыран

5) Бағалау

Оқушылардың жұмысы мен белсенділігі бағаланады.

6) Үй тапсырмасы

«Қансонарда» өлеңіне құрылған жоспар бойынша мазмұндама жазу.

Қажет болса, өлеңнің толық нұсқасын электронды ресурстардан жүктеп, мәтінмен жұмыс жасау ұсынылады.