Кім жанұясында бірінші бала

Өткізген мектеп психологі

Алигожина Камшат Габдулманапқызы

Негізгі бағыт

Емтихан алдындағы сенімділік, сабыр, күйзелісті азайту

Мақсаты

Алдағы емтиханды (ҰБТ) жақсы тапсыруға психологиялық дайындық жасау, сенімділікті арттыру және қобалжуды азайту.

Сенім Тыныштану Мотивация Рефлексия

Тренинг барысы

Тренингтің сәтті өтуіне тілектеспін. Алдымен ортақ ережелерді қабылдаймыз.

Ережелер

  1. 1 Бір-бірімізді тыңдаймыз, сөз бөлмейміз.
  2. 2 Қол белгісі ережесіне сай, топтан бір адам ғана сөйлейді.
  3. 3 Берілген тақырыптан ауытқымаймыз.
  4. 4 Уақыт шекарасын сақтаймыз.
  5. 5 Басқалардың пікірін құрметтейміз.
1

Жаттығу: «Шаттық шеңбер»

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Жүргізуші әртүрлі сұрақтар қояды. Сұрақ өзіне қатысты болса, оқушы алға шығып, өзгелермен орын ауыстырады.

Үлгі сұрақтар

  • Кімнің аты «А»-дан басталады?
  • Кім отбасында тұңғыш бала?
  • Кім жасыл түсті ұнатады?
  • Кім осы мектепте 1-сыныптан бастап оқып жүр?
  • Кім ҰБТ-дан қорықпайды?
2

Жаттығу: «Баспалдақ»

Бұл тапсырма алдағы ҰБТ-ға байланысты үрейдің қай сәттерде күшейетінін нақтылап, оны кезең-кезеңімен көруге көмектеседі. Үрейді бөліп қарастыру — оны басқарудың алғашқы қадамы.

Нұсқаулық

  1. 1 Қағаздағы 7 сатылы баспалдақ суретін алыңыз.
  2. 2 Бүгіннен бастап емтиханға дейінгі «үрейлі мезеттерді» әр сатыға белгілеңіз.
  3. 3 Мысалы: 3 ай қалғанда, 1 ай қалғанда, 1 апта қалғанда, 1 күн қалғанда, 1 сағат қалғанда.
  4. 4 Қорқыныштың өткінші екенін және оны жеңуге болатынын бірге талқылаңыз.
3

Жаттығу: «Сенімділік»

Мақсаты — оқушыны стресс күйінен шығарып, өз-өзіне сенуді күшейту.

Шарты

  1. 1 Әр оқушыға бос ақ парақ беріледі.
  2. 2 Парақты екіге бөліп, бөліктерді «1» және «2» деп белгілеңіз.
  3. 3 1-бөлікке жағымды қасиеттеріңізді, 2-бөлікке жағымсыз қасиеттеріңізді жазыңыз.
  4. 4 Парақты ортасынан қиып, жағымды бөлікті өзіңізде қалдырыңыз.
  5. 5 Жағымсыз бөлікті қатты мыжып, қоқыс жәшігіне тастаңыз.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс немесе тыныс алу жаттығуымен топтың назарын қайта жинақтаңыз.

4

Жаттығу: «Бәрі сенің қолыңда»

Ертеде бір керемет білімді ұстаз өмір сүріпті. Оның бір оқушысы ұстазын сынау үшін алақанына көбелек жасырып, ұстаздан: «Менің қолымда өлі көбелек пе, әлде тірі көбелек пе?» — деп сұрайды. Сонда ұстаз салмақты үнмен: «Бәрі сенің қолыңда» — деп жауап беріпті.

Талқылау сұрақтары

  • Осы әңгімеден қандай ой түйдіңіз?
  • «Бәрі сенің қолыңда» деген сөз нені білдіреді?
  • Бұл ой сіздің емтиханға дайындыққа қалай қатысты?
5

Жаттығу: Релаксация «Мен жолым болғышпын»

Жайлы әуен қосылады. Оқушылар көздерін жұмып отырады. Жүргізуші төмендегі мәтінді баяу, анық дауыспен оқиды.

Мәтін

Көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа аспанда «Мен жолым болғыш адаммын» деген жазуды елестетіңдер. Жазу анық емес, бозарып тұрса, оны үлкен, әдемі әріптермен қайта жазып көріңдер. Енді осы «Мен жолым болғыш адаммын» деген сөздерді өз дауыстарыңмен естуге тырысыңдар: ол — сенімді, анық, әдемі дауыс.

Өз жолы болғыштығыңды сезініңдер. Сен және сенің жетістігің — біртұтас. Енді көздеріңді жайлап ашыңдар.

Сұрақ: Не сезіндіңдер?

6

Жаттығу: «Тілек — сандықшасы»

Дәйексөз

«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға».

— М. Шаханов

Әр шәкірттің жүрегінде үлкен арман мен тілек бар. Өз тілектеріңізді шағын парақшаға жазып, құпия түрде «Тілек — сандықшасына» саламыз. Сандықша сынып жетекшісіне тапсырылады, ол тілектерді ата-аналарыңызға жеткізеді.

7

Жаттығу: Рефлексия «Майшам»

Жүргізуші қолына майшам ұстайды: «Сендердің оттарың сөнбесін, әрдайым жанып тұрсын» деп тілек білдіреді. Одан кейін оқушылар майшамды бір-біріне беріп, сыныптастарына жылы лебіздерін айтып, табыс пен жетістік тілейді.

Нәтиже

Қолдау сөздері арқылы топтық бірлік күшейеді, емтихан алдындағы ішкі сенім артады.

8

Марапаттау

Тренинг барысында белсенділік танытқан және көзге түскен оқушыларды жеке марапаттау ұсынылады.

Ұсыныс

  • Белсенді қатысу
  • Қолдау көрсету
  • Тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау