Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру
Білім саласы: Таным • Шығармашылық
Ұйымдастырылып кіріктірілген оқу қызметі: Жаратылыстану • Мүсіндеу
Тақырыбы: Жаңа жылдық шырша (Шырша)
Мақсаты
- Балалардың жанұялық және қоғамдық мерекелерге оң көзқарасын қалыптастыру; түрлі заттар мен материалдардың қасиеттерімен таныстыру; Жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
- Шыршаның құрылысын көрсете білу (бұтақшаларды ұзындықтары әртүрлі етіп ретімен орналастыру); кескішті қауіпсіз пайдалануға жаттықтыру; мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Әдістер
Көрсету, түсіндіру, таныстыру.
Көрнекіліктер
Безендірілген шырша, дидактикалық материалдар.
Сөздік жұмыс
«Мерекелік шырша».
Билингвальды компонент
Шырша — елка.
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар ортаға шаттық шеңберін құрып, бәрі бірге «Шырша» әнін орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік бөлім
«Орманға саяхат» көрінісі
— Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа барайық. Автобусқа отырыңдар.
— Көздеріңді жұмыңдар, сонда әп-сәтте жетеміз.
Жабық тұрған шырша ашылады. — Ал, қане, көздеріңді ашыңдар!
Сұрақ-жауап
- Біз қайда келдік?
- Балалар, біз нені көріп тұрмыз?
- Шыршамыз қандай?
- Жапырақтары қандай?
- Түсі қандай?
- Шыршаның бізге жасырған жұмбақтары бар. Кәне, шешіп көрейік.
Жұмбақтар
-
Бір ақсақал жылына, бір-ақ рет келеді. Көп қызы мен ұлына, сыйлық әкеп береді.
Жауабы: Аяз ата
-
Қыста жерді жауып кетті, ал көктемде ағып кетті.
Жауабы: Қар
-
Жасыл ине киімім. Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, төріңдемін үйіңнің.
Жауабы: Шырша
-
Терезеге қонады, әсем ою ояды.
Жауабы: Қырау
-
Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.
Жауабы: Қар
-
Тісі жоқ тістеп алады, қолы жоқ сурет салады.
Жауабы: Аяз
Ойындар
Логикалық ойын: «Қыс бейнесін құрастыру»
Шарты: Балалар 3 топқа бөлініп, әртүрлі бөліктерден қыстың белгілерін бейнелеп құрастырады және оны сипаттап айтады.
Дидактикалық ойын: «Шарда жасырылған сұрақтар»
Шарты: Қағазды умаждап «қар» жасап, шарға дәлдеп тигізу. Тиген шардағы сұрақтарға жауап беру.
Сергіту сәті
Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаңа жылда — жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр. Тамаша, тамаша, Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы — Көз тоймайды қараса.
Шығармашылық жұмыс: шыршаны мүсіндеу
Енді, балалар, осы әсем шыршаны ермексаздың көмегімен мүсіндейік.
Орындау қадамдары
- Ермексазды 3 бөлікке бөліп алыңыз.
- Әр бөліктен үшбұрыш пішін жасаңыз.
- Үш үшбұрышты бір-біріне сатылап жалғап, шыршаның пішінін құрастырыңыз.
- Шыршаны безендіріңіз.
- Төбесіне қызыл ермексаздан жұлдызша жасаңыз.
Нәтижеге қойылатын талап
-
1
Бұтақшалар ұзындығы әртүрлі болып, ретімен орналасуы.
-
2
Пішіннің жинақы, ықшам болуы.
-
3
Безендіру элементтерінің үйлесімділігі.
Рефлексиялық-түзетушілік
- Балалардың жұмыстарын бағалау.
- Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
- Аяз атаның сыйлықтарын табыстау.
Күтілетін нәтиже
Біледі
Жаңа жылдық мерекенің қоғамда және жанұяда қалай тойланатынын.
Меңгереді
Қауіпсіздік ережелерін сақтауды.
Түсінеді
Мүсіндеу дағдыларын қалыптастырудың маңызын.
Автор туралы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға селосындағы «Ақмарал» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі — Сағынғалиева Сулупан Сағынғалиевна.
Негізгі ұғым
Мерекелік шырша — балалардың танымы мен шығармашылығын біріктіретін тақырып.