Неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады деп ойлайсыңдар
Өзін-өзі тану
Сабақ жоспары
7-сынып
Тақырып: «Бақыт құшағында»
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер
- Қарапайым өмір
- Асқақ ой
- Жақсы азамат болу
Сабақ мақсаты
Оқушылардың бақыт туралы түсініктерін кеңейту, ішкі тыныштық құндылығын қалыптастыру.
Міндеттері
- Барға қанағат ету, жалпы адам бақыты туралы түсінік қалыптастыру.
- Ішкі тыныштық құндылығын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
- Өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2) Үй тапсырмасын тексеру
8-сабақтағы Қ. Толыбаевтың «Бақытқа апарар жол» әңгімесін оқып келу.
Талқылау сұрақтары
- Шәкірттер ұстаздан қандай тақырыпта әңгіме айтуды сұрады?
- Ұстаз бақыт туралы қандай ой айтты?
- Бақытқа жету үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
3) Дәйексөз
Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.
«Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде; ол мақсат кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында; адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында».
4) Әңгімелеу
Оқылым: «Бақытты адамның көйлегі» (ертегі).
Талқылау сұрақтары
- Патшаны мазалаған қандай ой болды?
- Неліктен уәзірлер «бақытты адамды» таба алмады деп ойлайсыңдар?
- «Бақытты болу» ұғымын өздерің қалай түсінесіңдер?
5) Шығармашылық жұмыс
Топтық жұмыс: оқушылар екі топқа бөлініп, «Бақытты, балалық — бал дәурен» тақырыбында коллаж жасап, қорғайды.
6) Топпен ән айту
Ән: «Бақыт құшағында».