Асан атаның қандай жерді іздегені
Сабақ тақырыбы
«Асан қайғы: “Еділ бол да, Жайық бол… Бұл заманда не ғаріп?”» (Қазақ тілі, 9-сынып)
Бұл сабақта оқушылар Асан қайғы тұлғасы мен оның жерұйықты іздеу идеясы арқылы мәтіннің мазмұнын түсініп, өз көзқарасын дәлелдеп айтуға, ойды өмірмен байланыстыруға және салыстыру дағдыларын дамытуға бағытталады.
Сабақ мақсаты
- Жаңа тақырып бойынша толық мәлімет беру және Асан қайғы туралы танымдық деректерді таныстыру.
- Оқушыларды ойын еркін жеткізуге, пікірін дәлелдеуге, мәтінді өмірмен байланыстыруға үйрету.
- Сөздік қорын байытып, ой-өрісін кеңейту және өзіндік пікір қалыптастыру дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже
Тілдік дағдылар
- Сөздік қоры молаяды.
- Өз ойын еркін әрі жүйелі жеткізуді үйренеді.
Ойлау дағдылары
- Ой-өрісі дамиды.
- Салыстыруды меңгереді.
- Өзіндік пікір қалыптастырады.
Оқыту формалары
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу, қатысымды белгілеу.
2) Үй тапсырмасы
Шамамен: 5 минут
Тақырып: Орхон ескерткіштері туралы қосымша мәлімет тауып, оқып келу.
Әдіс: «Ыстық орындық» тәсілі арқылы тапсырманы сұрау.
3) Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Асан қайғы туралы аудионұсқаны тыңдатып, суретін көрсету арқылы оқушыларға жаңа тақырып бойынша болжам жасату.
Мағынаны ашу (топтық жұмыс)
1-топ
Асан қайғы туралы кластер құрастыру.
2-топ
Кейіпкер жүрген жерлердің картасын салу.
3-топ
Венн диаграммасы арқылы өлеңдерді салыстыру.
Ой толғау (жеке жұмыс)
1-топ: тест сұрақтары
- Асан ата есіміне «қайғы» сөзінің қосылу себебі қандай?
- Асан ата қандай жерді іздеді?
- Асан ата ойындағы жерұйық қандай болды?
- Ол жерді нені мініп шарлады?
- Тарихи деректер бойынша Асан ата қай ғасырда өмір сүрген?
2-топ: дұрыс/бұрыс
Берілген сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтау.
3-топ: сәйкестендіру
Сөйлемдердің қай өңірге қатысты айтылғанын сәйкестендіру.