Сендер қай қалада тұрасыңдар

Ойын-сабақтың сценариі

Сабақ кезеңдері бірізділікпен берілген: амандасу, тілдік ойындар, сергіту және қорытындылау.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

Армысың, шапағатты Күн-ана!
Армысың, шапағатты Аспан-ана!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Құт дарытып, бар әлемді жарылқа.

Сұрақ–жауап

Мұғалім
Балалар, сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
Балалар
Қазақстанда.
Мұғалім
Қазақстандағы мемлекеттік тіл қай тіл?
Балалар
Қазақ тілі.
Мұғалім
Сендер қай қалада тұрасыңдар?
Балалар
Екібастұзда.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет. Ендеше ойын-сабағымызды бастаймыз.

Назарды шоғырландыру

Сабақтың басында жылы қарым-қатынас орнатылып, балалардың жауап беру белсенділігі арттырылады.

Кеңес: толық жауап беруге ынталандырыңыз (мысалы, “Мен ... деп ойлаймын”, “Себебі ...”).

Дидактикалық ойындар

1) «Танысу»

Доппен

Әр бала допты алып, келесі балаға бере отырып өзін таныстырады: «Менің атым — ...»

2) «Сөз ойлан, тез ойлан»

Жылдамдық

Мұғалім сөздің басын айтады, балалар жалғасын табады:

Қо... Сә... Қи... Ба... Қас... Жыл...

3) «Жабайы аңдар мен үй жануарларын ата»

Екі тілде

Сурет бойынша жануарларды қазақша және орысша атап, толық жауап беріңіз:

Түлкі — лиса — жабайы аң.

Сиыр — корова — үй жануары.

Қоян — заяц — жабайы аң.

Түйе — верблюд — жабайы аң.

Мұғалім: Өте жақсы! Жарайсыңдар, балалар!

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы балалардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа қайта шоғырландыру.

Бала, бала, балақан,
Кәне, көрсет алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.

Топ-топ, топ-топ басамыз,
Жалаудан күн жасаймыз.
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн!

Жеміс-жидек және көкөніс ойындары

4) «Көкөніс пен жемісті сипатына қарай тап»

Мұғалім жеміс немесе көкөністің сипатын айтады, балалар жауабын табады.

Сары, сопақ, дәмі қышқыл, ағашта өседі — лимон.

Домалақ, тәтті, шырынды, қызыл — алма.

Домалақ, ащы, сарғыш — пияз.

Сопақ, жасыл, дәмді — қияр.

Сары-жасыл, тәтті, шырынды, шам тәрізді — алмұрт.

5) «Себетке сал»

Көкөністерді бөлек, жемістерді бөлек жинайсыңдар.

Көкөністер

Пияз, қияр және басқа көкөністерді жеке себетке.

Жемістер

Алма, алмұрт, лимон және басқа жемістерді бөлек себетке.

6) «Сөз құрау»

Текшелерді пайдаланып, 2–3 әріптен тұратын сөздер құрастырылады.

аю ит доп ана үй нан піл бас

Қорытынды

Мұғалім: Балалар, бүгін сабақта өз білімдеріңді өте жақсы көрсете білдіңдер. Рахмет сендерге! Сау болыңдар!