Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер
Қостанай облысы • Жангелдин ауданы • Аралбай ауылы
Жангелдин орта мектебі, химия және биология пәнінің мұғалімі — Естайлақ Ақгүл Абусағитқызы.
Сабақ типі: аралас
Сабақ тақырыбы: Ми діңінің құрылысы. Мишық
Бұл сабақта оқушылар ми діңінің жалпы құрылысы мен мишықтың қызметін түсіндіретін негізгі ұғымдарды меңгереді. Тақырып ағзаның жүйке жүйесін реттеудегі рөлін, үйлесімді қимыл-қозғалыс пен тепе-теңдіктің физиологиялық негіздерін ашуға бағытталған.
Сабақ мақсаттары
Білімділік
Мидың адам ағзасындағы маңызы, мишықтың құрылысы мен қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Талдау, салыстыру, қорытындылау және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту; білік-дағдылар мен логикалық ойлауды жетілдіру.
Тәрбиелік
Адамгершілік құндылықтарды нығайту және салауатты өмір салтына баулу.
Сабақ форматы және жұмыс түрлері
Іс-әрекет түрлері
- Топтық жұмыс
- Жеке жұмыс
- Жұптық жұмыс
Бағалау және тексеру
- Тест жұмысы
- Биологиялық диктант
Көрнекіліктер
- Тірек-сызбалар
- Кестелер
Сабақтың негізгі идеясы
Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушының белсенді қатысуын арттыру: диалогтік оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды оқушыларды оқыту.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты түгендеу және сабаққа бағыттау
Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа психологиялық ахуал қалыптастырады және оқу мақсатына жету үшін тиімді жұмыс тәсілдерін таңдауға жетелейді.
Бағдарлаушы сұрақтар
- Өткен сабақта қандай тақырыпты оқып-үйрендік?
- Жүйке жүйесі туралы не білесіңдер?
- Үй тапсырмасы ретінде жүйке жүйесінің қай бөлімі қарастырылды?
- Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Оқу тәсілін таңдау
- Сабақты жақсы меңгеру үшін қандай әдіс-тәсілдер тиімді?
- Тыңдау, өз бетімен оқу, әлде жұппен талқылау — қайсысы нәтижелі?
ІІ. Үй тапсырмасы
Қызығушылықты ояту
Өтілген материалға шолу жұппен талқылау арқылы жүргізіледі: алдымен оқушылар ой бөліседі, кейін жауаптарын сынып алдында қорғайды.
Ауызша сұрақтар (жұппен талқылау → жауап беру)
- Жүйке жүйесінің маңызы неде?
- Жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады? Әр бөлімнің ерекшелігі қандай?
- Орталық жүйке жүйесінің қызметі қандай?
- Шеткі жүйке жүйесінің ерекшелігі неде?
- Вегетативті жүйке жүйесінің ерекшелігін мысалмен түсіндіріңдер.
- Жұлынның қызметі қалай жүзеге асады?
- Қандай рефлекс доғалары жұлын арқылы өтеді?
- Жұлын зақымданса, қандай өзгерістер байқалады?
Бағалау критерийлері
- Ойдың толық әрі түсінікті болуы
- Жауапты өз мысалымен дәлелдеуі
- Ойдың қайталанбауы және тұжырымның нақты болуы
Сараланған тапсырмалар
Үлгерімі төмен оқушыларға
Терминдерді жаттау:
Талантты және дарынды оқушыларға
«Жұлынның адам ағзасы үшін маңызы» тақырыбында қысқаша эссе жазу.