Анаға сәлем

Құттықтау сөзі

Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы. Біз ғана емес, бабалар да ананы қадір тұтқан. Аналардан небір даналар туған. Ана — тіршіліктің тірегі.

Армысыздар, қасиетті аналар! Қош келдіңіздер!

Аяулы аналар, қызғалдақтай қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Бұл көркем мерекенің орны әрдайым бөлек. Өйткені аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейді.

Аналар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Ендеше, балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Ән: «Анаға сәлем»

Өлең жолдары

  1. 1. Бүгін наурыздың сегізі — сұлулықтың негізі.
    Әдемі сөз — адамның анаға айтар лебізі.

  2. 2. Мәпелейсің мені, анам, қолыңдағы құсыңдай.
    Құлпыра өсіп, дем алам құшағыңда қысылмай.

  3. 3. Үмітіңдей көзіме көп қарайсың үңіліп.
    Еркелеген сөзіме ертеңім тұр күліп.

  4. 4. Жүре берсем қасыңда: «Әйбат, анам, ай, анам!»
    «Ботам» деген даусыңнан мен мәз болып оянам.

  5. 5. Кір түсірмей жағама, шашымды да тарайсың.
    Мектебіме барарда мейірлене қарайсың.

Аналар — ақ тілекті, сөз көп деймін,
Жылытар жүрегіңді көз көп деймін.
Ақ жаулықты аналар, бұл сіздерге —
Қол соғып қарсы алайық, Қазақ биін!

Өлең шумақтары

Ананың мейірімі, әженің өнегесі, отбасының жылуы туралы балалардың арнауы.

  1. 6. Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, әдеппен бас иеміз.

  2. 7. Әлпештеген баласын — ана бақыт, ана күн. Әркім сүйіп өз анасын, мақтан етер анасын.

  3. 8. Бізді өсіріп-баптаған, жақсы болсам шаттанған. «Алтыным» деп мақтаған — айналайын ақ мамам.

  4. 9. Анам менің панам ғой, содан қорған табам ғой. Асықпа, анам, ертең-ақ отың болып жанам ғой.

  5. 10. Анам — менің асыл жан, құшағы нұр шашылған. Күн секілді күледі, сипап ылғи басымнан.

Ән: «Домбыра сазы»

  1. 11. Ана — біздің күніміз, ананың біз — гүліміз. Бізді ана қуантып, ұзақ өмір сүріңіз.
  2. 12. «Аман бол!» деп балдырған, әділдікке баулыған. Жүрегімде тілегім — мархабат. Анамызға мың алғыс!
  3. 13. Ана — өмірдің қуанышы, тірегі. Бала — оның жұбанышы, жүрегі. Ана алдында ел жауы да бас иген, олар әрдайым тыныштықты тілеген.

Сахналық нөмір

Ән: «Асыл ана» (орындайтын — Советова Айым) және вальс биі.

Арнаулар

  1. 14. Қайырымды, қасиетті, ең ардақты ақ әжем. Әрбір сөзі — өсиетті, баға жетпес ақ әжем.

  2. 15. Жылылықтан жаралған, құшағы — таң мекен. Менің айдай анамнан асқан сұлу бар мекен?

  3. 16. Апатайым, анашым, ақылы мол данасың. Қамқоры сен сәбидің, гүлі де сен әр үйдің.

  4. 17. Айтсаң болды — тіл алам, әйбат мамам, ай мамам. Сені көрсем қуанам, сен керексің қашанда.

  5. 18. Бар ана — туған жердің гүлі дер ем. Анажан, қайғың болса — күңіренем. Таусылмас тау тұлғалы ақылың бар, сен барда әрбір күнім — өлең.

  6. 19. Бөбегіңнің сыйлығын қабыл алшы, анашым. Ұзақ өмір, жүз жасап, ауырмашы, анашым.

Сыйлық табыстау

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз бар, әпкеміз бар, қарындасымыз бар. Жылына бір рет келетін осы мерекеде аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені бізді өмірге әкелген, бізге әлемнің жартысын сыйлаған — анамыз емес пе?

Олай болса, әр оқушы өз қолымен дайындаған сыйлығын анасына табыс етсін.

Қорытынды

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа.

Бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты кешіміз жабық деп жарияланады.

Ардақты аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Сау-саламатта болыңыздар!