Біздерге аққала хат жіберіпті, мен сендерге оқып берейін
Сабақ туралы мәлімет
Өтетін орны
Орал қаласы, Казталов ауданы
Тәрбиеші
Аяп Гаухар
Тақырыбы
8 саны және цифры
Білім беру бағыты
Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Мақсаты
-
1
8 саны мен цифрын енгізу; 8 санының қалай пайда болатынын түсіндіру.
-
2
8-ге дейінгі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру.
-
3
8 цифрын тану және оны дұрыс жазып, бейнелеуді үйрету.
-
4
Балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту.
-
5
Бір-біріне көмектесуге дайын болуға тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс
Дайындық
Өткен сандарды қайталау
Ойлау дағдылары
Логикалық есептер шығару
Әдіс-тәсілдер
Қажетті көрнекі құралдар
-
0-ден 8-ге дейінгі сандар
-
Полотно
-
Алманың суреттері
-
Жұмыс дәптері
-
Қима сандар
-
Аққаланың суреті
-
Слайд
Қостілділік компонент (билингвальды)
бір
один
екі
два
үш
три
төрт
четыре
бес
пять
алты
шесть
жеті
семь
сегіз
восемь
Сабақ барысы
Қызығушылықты ояту кезеңі
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі
Өткен материалды қайталау
-
Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?
Жауап: Қыс мезгілі. -
Сұрақ: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Жауап: 3 ай бар. -
Сұрақ: Қазір қай ай?
Жауап: Ақпан. -
Сұрақ: Өткен оқу іс-әрекетінде қай санмен таныстық?
Жауап: 7 санымен таныстық. -
Сұрақ: Бір аптада неше күн бар?
Жауап: 7 күн бар.
«Бір аптада» өлеңі
Дүйсенбіде доп ойнадық аулада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік, әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыраттан,
Сенбі күні кино көрдік клубтан.
Жексенбіде үйде болдық, демалдық —
Осылайша өте шықты бір апта.
Ғажайып сәт
Бізге аққала хат жіберіпті. Хатты бірге оқып көрейік:
«Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым! Мен сендерге жұмбақ жібердім. Сол жұмбақтың шешімін дұрыс тапсаңдар, бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы ашылады. Қызықты тапсырмаларым бар: егер оларды дұрыс орындасаңдар, сендерге сыйлығым дайын!»