Периодтық жүйедегі орны бойынша сілтілік жер металы кальцийге сипаттама беру
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (9-сынып)
Тақырып
Кальций және оның қосылыстары
Мұғалім
Қойшыбаева А.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды кальций және оның қосылыстарымен таныстыру, теориялық білімді практикамен ұштастыру және химиялық тілде сауатты жұмыс істеуге бағыттау.
1) Периодтық жүйедегі орны
Кальцийге сілтілік жер металы ретінде периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама беру.
2) Қасиеттері мен маңызы
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы мен қолданылу аясын меңгеру.
3) Дағдылар
Кальцийдің қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру, химиялық тілде сөйлеу, есептерді өз бетінше құрастырып шығару.
Күтілетін нәтиже
-
Оқушылар кальцийге сілтілік жер металы ретінде периодтық жүйедегі орнына сүйеніп сипаттама бере алады және оның қосылыстарының генетикалық қатарын анықтайды.
-
Кальцийдің табиғи қорларын біледі және қолданылу аясын түсіндіре алады.
-
Кальцийдің физикалық және химиялық қасиеттерін, биологиялық маңызын ажырата алады.
Әдіс-тәсілдер
Ой түрткі
Бинго
Танымдық ойын
«Құрастыр, одан кейін жауап бер»
Топтық жұмыс
Ассоциация
Эксперименттік бөлім
«Химик зертханада»
Сыни ойлау
«Ойлан, жұптас, бөліс»
Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер
Техника және көрнекілік
- Интербелсенді тақта
- Периодтық жүйе кестесі
- Үлестірмелі материалдар
- Тірек сызбалар
Зертханалық құралдар
- Химиялық реактивтер
- Химиялық ыдыстар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар химиялық формулалар бойынша үш топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру
1) Ой түрткі
«Бинго» әдісі арқылы өткен тақырыптарды қайталау. Оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды.
2) Танымдық ойын
«Құрастыр, одан кейін жауап бер» тапсырмасы: қазақ халқы ертеден қолданған киіз үй қаңқасын мысалға ала отырып, металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу және жинақтау.
Қосымша
Материал: «Кальций және оның қосылыстары» (жүктеу үшін мектеп платформасына немесе ортақ бумаға орналастырылады).