Жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу үшін сөзжұмбақ шешу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Ел рәміздері

Сабақтың типі

Жаңа білімді жетілдіру.

Сабақтың түрі

Дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
  • Суреттер
  • Слайдтар

Сабақтың мақсаты

1) Құндылықтық бағыт

Оқушыларды Отанды сүюге, ел рәміздерін қастерлеуге үйрету және олардың мәнін түсіндіру.

2) Дамытушылық бағыт

Оқушылардың ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілетін арттыру, білімдерін одан әрі дамыту.

3) Тәрбиелік бағыт

Мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оларды ерекше құрметтеуге және қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе

Амансыңдар ма, балалар!

Күн сайын өскен саналар,

Талапты бол, талантты,

Бүгінгі сабақ елімізге арналар.

2) Психологиялық дайындық

Жылыту

Біз тілейміз әр балаға

Бақытты өмір сүргенін,

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын, күлгенін.

Сусынымыз қанады

Өнер-білім нәрімен.

Әлемдегі баланың

Досы боламыз бәрімен.

3) Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау

А) «Астана» тақырыбы бойынша түсінігін айту.

Ә) «Ой шақыру» әдісі

Қазақстан қандай мемлекет?

Тәуелсіз Егеменді Гүлденген Көпұлтты Бейбітшілікті сүйгіш

4) Жаңа сабақ

Жаңа тақырып

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін сөзжұмбақ шешіледі.

  1. 1. Киіз үйдің жоғарғы бөлігі қалай аталады? Шаңырақ

  2. 2. Қазақстан қандай ел? Тәуелсіз

  3. 3. 1997 жылға дейін Астана қаласы қалай аталды? Ақмола

  4. 4. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? Есіл

  5. 5. Ұлттық мереке қалай аталады? Наурыз

  6. 6. Н. Ә. Назарбаев кім? Президент

  7. 7. Қазақстан неше елмен шектеседі? Бес

  8. 8. Музыкалық аспап қалай аталады? Домбыра