Ұлы ақын Абай атамыздың қарасөздеріне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер

Мақсаты

Балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату; Абайдың ұрпаққа арнаған нақыл сөздерін санаға сіңіру; қарасөздер арқылы сөздік қорын молайту.

Кіріспе сөз

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлы ақын Абай атамыздың қарасөздеріне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Абай Құнанбаев 1845 жылы дүниеге келген. Абай ауылда мұсылманша хат танып, әжесі Зеренің тәрбиесінде болып, аңыз-әңгімелер тыңдап өскен. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.

Оқушылардың арнауы

1-оқушы

Абай жаққан бір сәуле сөнбесін деп,

Қоламтаны үрледім өрлесін деп,

Алайық үлгі-өнеге ұлы ақыннан.

Екі топта тұрмыз ғой бір кемеде,

Шарықтасын ойымыз, лайлай берсін,

— деп саған сәлемімді жолдай келдім.

«Алғырлар» тобының ұраны Мал жұтайды, өнер жұтамайды
2-оқушы

Сәлеміңді «Алғырлар» қабылдаймыз,

Біз бүгін хас тұлпардың бабындаймыз.

Абай — дария, шөмішпен қалқып алдым,

Ашайын мен өзіңе, сыр қоймасын.

Абайдай біртуарым қартаймасын,

Мен де саған тілеймін жақсылықты:

Қазаның біліміңнің ортаймасын.

Зере мен Ұлжан тәлімі

Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайды халқын, ел-жұртын сүюге, мейірім мен үлкен жүректі ұлылыққа баулиды. Зере ел тарихын айтып, тұрмыс-тіршілікпен таныстырып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретеді.

Балалық шақтан көрініс

Зере

Кел, Абайжан, қоңыр қозым, қымыз ал!

Абай

Әже, бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрыңғыда кім өткен?

Зере

Е, балам, сенің арғы аталарың өз заманының беделдісі, ел басқарған. Нағашыларың да сөзге шебер, дана адамдар болған.

Адам баласы ақиқатты іздейді, соған талпынады. Егер іс-әрекеті мен ақыл-ойы ақиқатқа жақын болса, ондай адамның қалдырған ізі де жарқын болмақ.

Халқына жақын жақсы адам үнемі жарқырап тұратын асыл тас сияқты. Шын асылдың асылдық қасиеті жоғалмайды.

Түйін

Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Өнер-білімді оқудан үйрену керек.

Абайдан қалған мұра

Өнерді оқу-білімнен үйренген Абай артына мол қазына қалдырды.

Өлең жолдары

Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия, ащы тіл.

Не жазып кетсе, жайы сол,

Жек көрсең де өзің біл.

Он жетінші қарасөзден үзінді

Ыстық қайрат

Кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің — осың қате.

Нұрлы ақыл

Амал да, айла да сенен шығады. Жақсы мен жаманның екеуіне де іздегенін тауып беріп жүресің — осың осал тұс.

Жылы жүрек

Мен адам баласын алаламаймын. Жақсылыққа елжіреп еритін де, жамандықтан жиреніп тулайтын да — мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірім — бәрі менен таралады.

Көрініс

Үшеудің ортасына әділ төрелік айтуға Білім келеді: басына шалма ораған, ойлы, қолында кітап.

Білім

Сендердің үшеуіңнің басыңды қоспақ — менің ісім. Үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

Мұғалімнің қорытындысы

Біз үшін Абай өмірі — үлкен тәрбие мектебі. Оның қарасөздері білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына көз жеткіземіз. Қазақ халқының тарихында Абай атамыздың орны ерекше. Оның қаламынан қазақтың ән-өнерін дамытқан тамаша әндер де туды.

Ән жолдары

«Желсіз түнде жарық ай»

Желсіз түнде жарық-ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны — терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбдырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.