Өлеңнің ұйқасына назар аудар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Әдіскер: Жахметова Б. К.

Тақырып: «Өсіп келе жатырмын» (Төлеген Айбергенов)

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Іздену

Көрнекілігі

Тақырыптық суреттер.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды Төлеген Айбергеновтің «Өсіп келе жатырмын» өлеңін мәнерлеп, ырғақ-нақышына келтіріп оқуға және оқығанын түсініп әңгімелей білуге үйрету. Ақынның кейіптеу арқылы қолданған әсерлі сөздерінің мәнін ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық

Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу арқылы байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік

Пәнді, мұғалімді және бір-бірін сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстап қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақ тақырыбы: «Аппақ қыс». Төмендегі сұрақтар арқылы оқушылардың түсінігі пысықталады.

Сұрақ: Ақын өзен, теңіз, тау-төбе не киген дейді?

Сұрақ: Аяқ астындағы қардың сықырын, қырдағы ізді неге ұқсатады?

Жауап: Рояльдің ақ тіліне.

Сұрақ: Таңғажайып ақ әлем қалай сырласады дейді?

Сұрақ: Омбылап қарды кешіп ақын нені іздеп келеді?

Жауап: Көктемді.

Қорытынды: оқушылар үй тапсырмасын жақсы орындаған.

3) Жаңа сабақ

Бүгін Төлеген Айбергеновтің «Өсіп келе жатырмын» өлеңін мәнерлеп, ырғақ-нақышына келтіріп оқу арқылы баланың өсу, қалыптасу деңгейі туралы түсінік қалыптастырамыз.

Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
  • Ырғақ-нақышына келтіріп оқу.
  • Өлең ұйқасына назар аудару.

Талқылау: Өлеңнің қандай жолдары бір-бірімен ұйқасып тұр?

Талқылау: Өлеңде ақын не туралы жазады?

Талқылау: Ақынның өзіне деген сенімі өлеңнің қай жолдарынан байқалады?

Талқылау: «Адал тер» дегенді қалай түсінесің?

4) Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Жоғары қолды созамыз,

Тып-тыныш қана отырамыз.

5) Дәптермен жұмыс

Күні

Ақпанның 3-і.

Тақырып

«Өсіп келе жатырмын».

Тапсырма

Өлеңнің соңғы шумағын оқып, жатқа жаз.

6) Қорытынды

Сұрақ: Бүгін не туралы өттік?

Сұрақ: Сабақ ұнады ма?

Сұрақ: Несімен ұнады?

Сұрақ: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?